11
Қараша

ҚДП «Ақ жол» пен БҚОФ өкілдері кәсіпкердің қолдауымен балаларға сыйлық табыс етті

11 қараша 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы

ҚДП «Ақ жол» пен БҚОФ өкілдері кәсіпкердің қолдауымен Облыстық балалар ауруханасына барып, ауыр дертке шалдыққан балаларға сыйлықтар табыстады. Балалардың жүзіндегі шаттық пен күлкі — мейірімнің, қамқорлықтың және жан жылуының нақты көрінісі болды.

Сонымен қатар, балалардың демалысы мен ойын уақытын жақсарту, көңіл-күйін көтеру және денсаулығын нығайту мақсатында ойын алаңына сертификаттар табыс етілді. Бұл қадам балалардың күнделікті өмірінде қуанышты сәттерді көбейтіп, олардың бақытты балалық шағын қорғауға бағытталған маңызды әрекет болып табылады.

Осы іс-шара тек балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, қоғамдағы мейірім, ізгі ниет пен жауапкершіліктің айқын көрінісі болып табылады.