3 желтоқсан 2024 жыл, Алматы қалалық филиалы
29 қараша - 1 желтоқсан күндері 2024 жылы Алматы қалалық филиалының төраға орынбасары Асқар Қуандықұлы Дубай қаласында өткен халықаралық «Dubai 7S International Vets Social 35+, БАЭ» регби турнирінде “Ақ жол” партиясының туын желбіретті.
Асқар Қуандықұлы халықаралық жарыста 2 жыл қатарынан түрлі елдерден
құрылған командада ойын көрсетуде. Мәселен, биылғы команда келесі құрамамен
шықты:
- Қазақстандық 4 спортшылар;
- Ирландиядан 4 спортшы;
- Ағылшындар елінен 2 спортшы;
- Америкалық 2 спортшы.
Жарыстың нәтижесі бойынша Қазақстанның ардагерлер құрамасы жүлделі 2 орынды
иеленді.