05
Сәуір

Дәурен Ахметжаев Бесағаш ауылдық округінің тұрғындарымен қоғамдық қабылдау өткізді

5 сәуір 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан бір мандаттық жүйемен Жамбыл облыстық мәслихатына сайланған депутат Дәурен Ахметжаев Жамбыл аудандық қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге Жамбыл ауданы Бесағаш ауылдық округінің тұрғындарымен қоғамдық қабылдау өткізді.

Дәурен Хайруллаұлы – аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі. Жамбыл аудандық Қоғамдық кеңесінің 2025 жылғы жұмыс жоспарына сай өткен кездесуде аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері Талап Әбдібеков пен Бесағаш ауылдық округіне  жауапты аудандық Қоғамдық кеңесінің  мүшесі  Даурен Хайруллаұлына тұрғындар өз өтініш-тілектерін жеткізді.

Бұдан соң ақжолдық депутат ауыл азаматтарымен еркін форматта кездесу өткізіп, ұсыныстарын тыңдады.