10 қараша 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы
Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы бойынша Әйелдер күштері альянсы
ұйымдастырған екі күндік «Жүректен жүрекке» атты ашық және қолдау алаңы өтті.
Шараға «AQ JOL” демократиялық партиясының БҚО филиалы серіктес ретінде қолдау
білдіріп,филиал төрағасының орынбасары Айгуль Туркина қатысты.
Іс-шараның мақсаты – ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды
біріктіру, оларға рухани, психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету, қоғамда
инклюзивті мәдениетті дамыту.
Бағдарлама барысында қатысушылар психологтар, дефектолог-педагогтер,
логопедтер және коуч-мамандардың дәрістерін тыңдап, тәжірибе алмасты. Сондай-ақ
түрлі бейресми кездесулер мен шығармашылық шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
Шараның серіктестері мен қатысушылары инклюзивті және өзара қолдауға
негізделген қоғам құру жолында бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.