16
Қазан

Ермек Егінбаевтың жетекшілігімен аудандық және қалалық мәслихат төрағаларының қатысуымен Zoom-конференция өткізілді

16 қазан 2025 жыл, Жетісу облыстық филиалы

Жетісу облысында «Ақ жол» демократиялық партиясының облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат төрағасының уақытша міндетін атқарушы Ермек Егінбаевтың жетекшілігімен аудандық және қалалық мәслихат төрағаларының қатысуымен Zoom-конференция өткізілді.

Кездесуге офлайн форматта Жетісу облыстық экономика басқармасының басшысы, Мемлекеттік кірістер департаментінің, кәсіпкерлікті қолдау басқармасының басшы құрамы, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттары, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен өңір кәсіпкерлері қатысты.

Күн тәртібінде Парламент Мәжілісіндегі «Ақ жол» партиясы фракциясы депутаттарының депутаттық сауалы қаралды.

Сауалда 2026 жылдан бастап қолданысқа енетін Салық кодексіне сәйкес арнайы салық режимі бойынша салық мөлшерлемесін жергілікті мәслихаттардың шешімімен 50 пайызға (4 пайыздан 2 пайызға дейін) төмендету мәселесі талқыланды.

Талқылау барысында қатысушылар Ақ жол партиясы депутаттарының  ұсынысын қолдап, бұл өзгеріс шағын және орта бизнес субъектілеріне түсетін салықтық жүктемені азайтуға және өңірдің кәсіпкерлік белсенділігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Кездесу қорытындысында Ермек Егінбаев аудандық және қалалық мәслихат төрағаларына аталған мәселені жергілікті мәслихаттардың сессияларында 15 қарашаға дейін қарауды және нәтижесін облыстық мәслихатқа жолдауды ұсынды.