20
Қыркүйек

Ержан Бейсенбаев АЭС салу бойынша алдағы референдум алдында Жетісу облысында «Көксу» ТКК еңбек ұжымымен кездесті

20 қыркүйек 2024 жыл, Жетісу облыстық филиалы

Бүгін Ержан Бейсенбаев Жетісу облысына іс-сапарға келді. Іс-сапарда Жетісу өңіріндегі  АЭС құрылысын қолдау жөніндегі халықтық штабтың мүшелерімен бірге Текелі қаласындағы «Көксу» ТКК еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында қызметкерлерді АЭС туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын өткізіп, оның құрылысының еліміз үшін маңыздылығы, әрі осы стратегиялық жобаны іске асыруға байланысты ықтимал артықшылықтар мен тәуекелдерді талқылады. Кездесулерде тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды.