10
Қантар

Ержан Бейсенбаев ерекше балаларға арналған «Страна чудес» орталығында болды

10 қаңтар 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Бейсенбаев Өскемен қаласындағы аутизммен ауыратын балаларға арналған «Страна чудес» мамандандырылған мектеп-балабақшасының жұмысымен танысты.

Орталықта 72 бала балабақшада, 74 бала бастауыш сыныптарында білім алып, оңалту қызметтерін пайдаланып келеді. Балалардың қажеттіліктеріне бейімделген әдістемелер қолданылып, кәсіби мамандар жұмыс істейді. Директор Лилия Мамбурова орталықта балалардың дамуына қолайлы жағдай жасалғанын, олардың әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларын дамытуға арналған арнайы бағдарламалар жүзеге асырылатынын айтты. Алдағы уақытта орта буын сыныптарына арналған жаңа ғимарат ашу жоспарланған.

Кездесуде ерекше балалардың ата-аналары бірнеше маңызды мәселелерді көтерді:

Мүгедектік бойынша жәрдемақыларды арттыру (шығын 250 мың теңгеден асса, жәрдемақы 150 мың теңге шамасында);

Оңалту орталықтарын қаржыландыруды көбейту;

Ерекше балалардың аналарына ерекше мәртебе беру (еңбек өтіліне қосу және ерте зейнетке шығу мүмкіндігі);

Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту.

Ержан Бейсенбаев бұл ұсыныстарды тиісті органдарға жеткізетінін және Парламент сайтына жазбаша өтініш жолдауды ұсынды.

«Страна чудес» орталығы — ерекше балалардың дамуына жағдай жасап, қоғамға бейімдеуге үлес қосатын маңызды мекеме.