10
Қантар

Ержан Бейсенбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапармен келді

10 қаңтар 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

10 қаңтарда Қазақстанның Ұлттық ұланы қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтеді. 2015 жылы дәл осы күні «Ұлттық ұлан туралы» заң қабылданып, оның құқықтық мәртебесі айқындалған болатын.

Өскеменге жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаты Ержан Бейсенбаев пен "Ақ жол" партиясының ШҚО филиалы төрағасының орынбасары Меруерт Смағұлова 5518 әскери бөлімінің қызметкерлерімен және сарбаздарымен кездесті.

Кездесу барысында Ержан Бейсенбаев әскери қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға жаңа жетістіктер тіледі. Сондай-ақ, өз борышын өтеу жолында қызмет етіп жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді.