17 тамыз 2024 жыл, Жетісу облыстық филиалы
Жетісу облысында іс-сапармен жүрген ҚР Парламентінің
Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев Талдықорған қаласындағы №5514 әскери бөліміне
барды.
Ұлттық Ұлан №5514 әскери бөлімінің
таңертеңгілік сапқа тұру алдында кездесіп, Ұлттық Ұланның сарбазы А.Асылбековты
адам құтқарғаны үшін марапаттады.
Айта кетсек, ағымдағы жылдың 10 маусым
күні Ұлттық Ұлан сарбазы Талдықорған қаласындағы, қалалық жағажайда қатты
ағыспен күресіп жатқан әйелді судан алып шығып, құтқарған.
А.Асылбековқа Қазақстанның «Ақ жол»
демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевтің атынан «Адам өмірін
құтқарғаны үшін» медалін табыстады.