21 қараша 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Абай облысы Семей қаласы әкімінің орынбасары, «Ақ жол» демократиялық
партиясының мүшесі Тлеужанов Ержан Хамитұлы Халыққа қызмет көрсету
орталықтарының 20 жылдық мерейтойына арналған медальмен марапатталды.
Бұл марапат – халыққа сапалы қызмет көрсетуді арттыру жолында атқарылған
жүйелі еңбектің, жауапкершіліктің және адал қызметтің белгісі. Ержан
Хамитұлының мемлекеттік басқарудағы тәжірибесі, ашықтықты ұстануы және қала
тұрғындарының мәселелерін шешуге бағытталған жұмысы Семей өңірінде оң нәтиже
беріп келеді.
Құттықтаймыз!
Еңбегіңіз елене берсін, жаңа жетістіктерге жете беріңіз!
