29
Қыркүйек

Ескі Иқанда әлеуметтік нысандардың қысқа дайындығы тексерілді

29 қыркүйек 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы

Ескі Иқан ауыл әкімі Дилшат Саитов Закиржанович пен «Ақ жол» партиясының өкілі, Сауран аудандық мәслихат депутаты Махсуд Хажиев ауылдағы мектептер мен балабақшалардың қысқы маусымға дайындығын, тамақтану сапасын бақылап шықты.

Тексеру барысында бір мектепте спорт залдың жоқтығы анықталды. Сондай-ақ, ауылда газ жүйесі бар болғанымен, екі мектеп пен бір балабақша әлі күнге дейін көгілдір отынға қосылмағаны белгілі болды.

Жиын қорытындысында барлық білім беру ұйымдарында «Таза Қазақстан» акциясын өткізу тапсырылды.

«Жылыту жүйелері мен қазандықтардың жағдайы жіті тексерілді. Сондай-ақ, терезе мен есіктердің жылу сақтауы да назардан тыс қалмады. Балалардың жайлы әрі қауіпсіз ортада білім алуы – біздің ең басты міндетіміз», – деді  депутат Махсуд Хажиев.