23 қараша 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы
Ауыл атын асқақтатып, HALYK OPEN CUP ОҢТҮСТІК турниріне алғаш мәрте
қатысқан «Ақ жол» партиясының өкілі,
Қазығұрт аудандық мәслихат депутаты Айбек Мықтыбайұлы басқаратын мектептің
қырандары алаңда нағыз ерік-жігер мен намыстың үлгісін көрсетті. Мерген
бабасының рухы қолдағандай, әр ойында барын салды.
Турнир нәтижелері:
* Есіркепов қырандары – Созақ: 3–1
* Есіркепов қырандары – Дауыл: 2–2
* Есіркепов қырандары – RedSapsans: 3–2
Тіркелу кеш болғанына қарамастан, балалар шынайы күрес көрсетіп, өз
деңгейін дәлелдей білді. Бұл турнир – біздің командаға үлкен тәжірибе әрі үлкен
қуаныш болды.
Осындай мүмкіндік жасаған ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!
Ауыл балалары үшін жасалған әр қадам – болашаққа салынған берік негіз.
Алға, Есіркепов қырандары!
Жаңа белестерге жол ашық болсын!