18 сәуір 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы
2025 жылдың 18 сәуірінде «Ақ жол» партиясы Алматы қалалық филиалының
мүшелері мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Денис Теннің ескерткішіне гүл
шоқтарын қойды.
Жиналғандар арасында №135 мектептің оқушылары да болды.
Ескерткіштер күні 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Ескерткіштер мен тарихи
орындар жөніндегі халықаралық кеңестің Ассамблеясымен қоғамның назарын әлемдік
мәдени мұраны қорғау және сақтау мәселелеріне аудару мақсатында белгіленді.

