17
Қараша

Халықаралық студенттер күніне арналған салтанатты жиын өтті

17 қараша 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Бүгін Халықаралық студенттер күніне арналған салтанатты жиында «AQ JOL» ҚДП Батыс Қазақстан облыстық филиалы жастар қанатының төрағасы студент жастармен кездесіп, озат және белсенді қатысушыларды марапаттап, арнайы сыйлықтар табыстады.

Саясат Садуақасұлы жастардың білімге ұмтылысы мен қоғамдық белсенділігі өңір дамуының маңызды қозғаушы күшіне айналып келе жатқанын атап өтті.

Іс-шара студенттердің шығармашылығын, талаптылығын және көшбасшылық қасиеттерін қолдауға бағытталды.,

 Халықаралық студенттер күніне арналған мерекелік шарада жастармен кездесіп, белсенді студенттерге марапаттар мен сыйлықтар табыстады.

Ол партия тарапынан жастар бастамаларына қолдау көрсетілетінін және олардың қоғамдағы рөлі ерекше екенін жеткізді.