21 қараша 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
«Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалы мүшесі,
Жанасемей аудандық мәслихатының төрағасы Абильмажинов Ермек Төлегенұлы аудан
әкімі Әбдікәрімов Нұржан Оразбекұлы бірге өңірдегі өзекті мәселелерді талқылау
мақсатында халықпен кездесулерге белсенді қатысып келеді.
Кездесу барысында:
🔹 ауылдық округ әкімдерінің жылдық есептері тыңдалды;
🔹 аудан әкімі Нұржан Оразбекұлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық
көрсеткіштеріне тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті;
🔹 тұрғындар толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі толық жауаптар алды.
Ауыл тұрғындары көтерген мәселелер:
* жол сапасы
• ауыз су
• интернет қолжетімділігі
• жайылым мәселесі
• инфрақұрылым
* және басқа да маңызды сұрақтар
Кездесулердің форматы:
Ашық сұрақ-жауап форматында өтті.
Тұрғындар аудан басшылығына және кездесуге қатысқан өкілдерге
ризашылықтарын білдіріп, мәселелерді бірлесе шешу қажеттігін атап өтті. Кездесулер
Новобаженово, Бұлақ және Приречный ауылдарында өтті.