2011 жылғы 27 қараша, Алматы қ. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды съезінде тұғырнаманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске және сот-құқықтық реформаға арналған тұтастай тарауы қабылданды.
Съезд делегаттарына тұғырнама жобасын ұсынып, біз Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының өздеріне бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілігі туралы, БАҚ-та және т.б. теріс жарияланым пайда болған жағдайда әрбір мемлекеттік қызметшінің өз абройы мен қадір-қасиетін сот тәртібімен қорғау міндеттілігі туралы талаптарының мүлтіксіз орындалуын табандылықпен талап етеміз, деп мәлімдеді партия төрағасы Азат Перуашев.
Сыбайлас жемқолықты азайтуға арналған шаралар қатарында есептіліктің ашық және бюрократтық емес сипаты болған жағдайда, олар халықтың кірістерін де, шығыстарын да жалпыға бірдей салықтық декларациялауды енгізуді атады.
«Ақ жолдықтар» сыбайлас жемқорлықпен әшкереленген шенеуніктердің жүріп-тұру, шет елге шығу, белгілі бір кезеңде меншікті және кәсіпорындарды иелену және басқару құқығын заңнамалық тұрғыда шектеуді ұсынады.
Осы талаптармен қатар «Ақ жолдықтар» «соттың шынайы тәуелсіздігін, судьялардың жұмыстан тыс уақыты мен зейнеткерлікке шыққан кезін қоса алғанда, жоғары әлеуметтік қорғалуы мен жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет деп есептейді.
Сот төрелігін іске асыруды қамтамасыз ету үшін, Азат Перуашев барлық ашық сот отырыстарының Интернет бойынша on-line режимінде тұрақты трансляциясын орнатуды ұсынды.
Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру шеңберінде Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы азаматтардың өмірі мен денсаулығына қасақана қатер төндірумен байланысты емес қылмыстар бойынша материалдық нұқсанның орнын толтыруға ерекше назар аударуға бастама жасады.
Осы арнада Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы жуық 3-5 жылдың ішінде бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдардың санын екі есе, яғни 50% азайтуға қол жеткізуді белгіледі.
Белгілі заңгер Жазбек Әбдиев айтқан съездің тағы бір тақырыбы, соттардың жұмыс ауыртпалығын едәуір жеңілдетуге мүмкіндік беретін медиация және төрелік арқылы дауларды қараудың соттан тыс рәсімін ынталдандыру болды. Соттан тыс қаралатын мәселелер көлемінің аз болуына байланысты қаралған және ойдағыдай шешілген даулар бойынша медиаторлар мен төрешілер қызметін мемлекеттік субсидиялауды енгізу жөнінде ұсыныс жасалды.