20
Қараша

Ғибрат Байсеитов азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес "РЦКУ-Қызылорда" ЖШС мекемесінде қабылдау өткізді

20 қараша 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

"Ақ жол" партиясының Қызылорда қалалық мәслихатындағы депутаты Ғибрат Байсеитов азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес "РЦКУ-Қызылорда" ЖШС мекемесінде қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген қала тұрғыны Қ.Жұмабаева   қоғамдық көлік мәселесі мен Қорқыт ата 18 көшесіне жол жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін көтерді.

Ғ.Байсеитов қабылдауға келген тұрғынға аталған көше бойынша құзырлы органдарға жазған депутаттық сауалы мен оған берілген жауапты таныстырды және қоғамдық көлік мәселесіне қатысты да  тиісті мекемелермен бірлесіп жұмыстар  жүргізіліп жатқандығын  жеткізді.