10
Наурыз

ҚИнЭУ-де студенттермен Жаңа Конституция жобасы мен референдум маңызы талқыланды

«Ақ жол» ҚДП Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Александра Сергазинова М. Дулатов атындағы ҚИнЭУ студенттерімен кездесті. Кездесу «Конституциялық реформалар: мазмұны мен маңызы» тақырыбындағы дөңгелек үстел форматында өтті.

Кездесу барысында депутат Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарына тоқталып, 15 наурызда өтетін референдумның маңыздылығы туралы айтты.

 

«Мен де Қазақстан Республикасының заңға бағынатын азаматы ретінде 15 наурызда референдумға барып, өз дауысымды беремін. Бірақ дауыс бермес бұрын жаңа Конституция жобасының мәтінін мұқият оқып, оның мазмұнымен танысуды жөн көрдім», — деді Александра Сергазинова.

Сондай-ақ ол Конституцияның болашағы азаматтардың таңдауы мен белсенділігіне байланысты екенін атап өтті.

 

Кездесу барысында студенттер мен оқытушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Ашық диалог форматындағы әңгіме мазмұнды әрі пайдалы өтті.