20
Қараша

Исламбек Тулебаев “ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы” атты жалпыұлттық байқауға қатысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттады

20 қараша 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

“Ақ жол” ҚДП Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, фракция жетекшісі Исламбек Тулебаев “ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы” атты жалпыұлттық байқауға қатысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттады.

Шараға «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Адай Кенжебайұлы да қатысып, жас таланттарды құттықтады.

Алаш идеясын насихаттауға белсенді атсалысқан қатысушыларға алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтар табысталды.

Бұл байқау жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.

2026 жылы да Шымкенттік қатысушылардың аталмыш жобаға белсенді түрде қатысатынына сенім білдіреміз.