07
Қазан

Әйелдер қанатының өкілдері Қарттар мен мүгедектерге арналған «Забота» пансионатына барып, ондағы тұрғындарды мерекемен құттықтады

7 қазан 2025 жыл, Қарағанды облыстық филиалы

“Қарттар күні” – құрмет, даналық пен өмірлік тәжірибе мерекесіне орай, «Ақ жол» демократиялық партиясының Қарағанды облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының өкілдері Қарттар мен мүгедектерге арналған «Забота» пансионатына барып, ондағы тұрғындарды мерекемен құттықтады.

Қонақтар бос қолмен келген жоқ: пансионат тұрғындарына пайдалы сыйлықтар табыс етілді.

Кездесу жылы да шынайы атмосферада өтті – қамқорлық, күлкі мен шын жүректен шыққан тілектерге толы болды.

«Ақ жол» партиясы үшін мұндай игі бастамалар дәстүрге айналған, себебі партия әлеуметтік жауапкершілік пен аға буынды қолдау қағидаларын тұрақты ұстанып келеді.

Кездесу соңында қарттар өздеріне көрсетілген көңіл, қамқорлық пен құрмет үшін алғыстарын білдірді.