23
Шілде

Кеңес Абсатиров Солтүстік Қазақстан облысының аудандық ауруханаларына пульсоксоксиметрлер, маскалар мен антисептиктерді тапсырды


    23 шілде 2020 жыл, «Ақ жол» Демократиялық партиясының Солтүстік  Қазақстан облыстық филиалы
Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» парламенттік фракциясының мүшесі Кеңес Абсатиров Солтүстік Қазақстан облысының аудандық ауруханаларына  пульсоксоксиметрлер, маскалар мен антисептиктер тапсырды.  Ол «Ақ жол» партиясының Солтүстік Қазақстан облысындағы  аудандарындағы мәслихат депутаттары Андрей Лунин, Диана Омарова, Руслан Асхабовтермен бірге Мағжан Жұмабаев ауданы, Қарақоға ауылының дәрігерлік амбулаториясында, Мамлют және Жамбыл аудандарының   ауруханаларында болып қайтты.       
Кездесу барысында дәрігерлер қызметкерлердің қорғану жеке құралдарымен (арнаулы қорғану костюмдері мен респираторлар) қамтылуы, бірінші кезекті дәрі-дәрмектермен жабдықталуының кешіктірілуі,  оттегі концентраторлары мен баллондарының жетіспеушілігі  сынды мәселелерді депутаттарға  жеткізді. 


Мысалы, Жамбыл ауданы ауруханасында мамандардың айтуы бойынша пайдалану мерзімі  өтіп кеткен жалғыз концентратор тұр. 
Аудандық ауруханаларда ИВЛ аппараттары жоқ. Дәрігерлердің айтуынша олардың арасында мұндай  құрал-жабдықтармен жұмыс істейтін білікті маман бар. 
Ауыл адамдары мен облыс орталығының тұрғындары үшін де басты қиындық ПЦР-тестілерін  тапсыру болып отыр.
«Ақ жол» партиясының  атынан жоғарыда аталған медициналық мекемелер мен басқа да аудандардағы  ауруханаларға  пульсоксоксиметрлер, маскалар мен антисептиктер  тапсырылды. 
Ақжолдықтар «Біз дәрігерлердің  вируспен күрестің  алғы шебіндегі жанқиярлық ерлігін көрдік. Мамлют ауданы ауруханасының бас дәрігері Марина Коробкова анасын жерлеген күні, өзінің жауапкершілігі мен  парызын аса сезіне отырып,  бірден  жұмысқа шықты»,  -  деп  атап өтті.
Ауылдық елді-мекендердегі дәріханаларды аралау кезінде қызу төмендететін  және  қабынуға қарсы қолжетімді дәрі-дәрмектердің жоқтығы анықталды.