А.Перуашевтың Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет пен Есеп комитетінің 2021 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылау кезінде сөйлеген сөзі
Құрметті әріптестер
Ең алдымен, баршамызды Конституциялық реформа бойынша референдумның сәтті
өтуімен құттықтауға рұқсат етіңіздер.
Бұл өзгерістер біздің жұмысымызға да тікелей әсер етеді.
Мысалы, бүгін біз қарастырып отырған Есеп комитетінің Қорытындылары -
Жоғарғы Аудиторлық палатасының актілеріне айналып, Парламент жұмысын жаңа
деңгейге шығаратын, биліктің атқарушы және өкілді тармақтары арасындағы тежеу
мен тепе-теңдіктің құралы болуға тиіс.
Тіпті сонда анықталған заңбұзушылықтар бойынша іс қозғауға және лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуға негіз болады.
Биылғы жылдың 22 ақпанында Мемлекет басшысы экономикалық реформалардың міндеті құрғақ цифрлар емес, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру керегін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейін, бұрын Үкімет туралы заңда, жаңа үкімет тағайындалған кезде, оның парламентте өз іс-қимылдарының бағдарламасын қорғауға міндеттейтін шарт бар болатын.
2007 жылы бұл норма жойылып, содан бері парламент үкіметтің саяси бағдарламасымен емес, оның орнына бюджетпен, яғни «бухгалтерлік» құжатпен жұмысы шектеліп келеді.
Бірақ мұнда да бәрі жақсы емес. Дәлірек айтсақ, – Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасын бекіту туралы норманы алып тастау - мемлекеттік органдардың халық қаражатын өз еркімен пайдалануына жол ашқан секілді.
2021 жылғы есепті, үкімет бірінші рет квазимемлекеттік сектордың көрсеткіштерін қосып, кеңейтілген құжатты ұсынды. Бұл құрметке лайық, ашық бюджетке жасалған маңызды қадам.
Сонда да, «Ақ жол» фракциясы Есеп комитетінің қорытындысында көрсетілген
келеңсіз жайттарды атап өтуге мәжбүр.
Мәселен, өткен жылы халықтың нақты табыстарының өсуі екі есеге қысқарды
(2019 ж. – 6,4%, 2021 ж. – 2,9%)
– ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемінің 2,5%-ға (өсімдік шаруашылығы –
минус 6,7%) төмендеуі байқалды.
- инфляция шектен 1,5 есеге асып түсті (жоспардағы 4-6% орнына 8,4%) және
т.б.
– Экономикадағы мұндай жағдайдың субъективті себептерінің қатарында «Ақ
жол» фракциясы Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің ақылға қонымсыздығынан
және тұтастай алғанда Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктердің мүдделерін
қорғауынан көреді.
Кешегі Салық кодексін талқылауда Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, банктерге түсетін салық жүктемесі оларды бүкіл экономика – мемлекет, бизнес, халық қаржыландырғанмен, небәрі 2-5 пайызды құрайды. Азаматтар 10 пайыз табыс салығын төлейді, бизнеске түсетін салық ауыртпалығы 40 пайыздан асады, ал, банктер ешкімге қарыз емес. Сондықтан экономика құлдыраған кезде олар, керісінше, кірістерін өсірді. Бюджеттің резерві осында, құрметті Үкімет мүшелері. Әділетті Қазақстан құрамыз десек, салық салуды да әділ негізге қоятын кез келді.
Несие беру бұрмаланды, өндіріс орнына несиенің 60%-ы тұтынуға кетеді
(кәсіпорындар үшін 7,7 трлн, жеке тұлғалар үшін 10,7 трлн). Халық табысының 18
пайызы тұтынушылық несиені өтеуге кетеді!
2017 жылдан бері ауыл шаруашылығын несиелендіру 3 есеге қысқарды, ал салалық несиелеу 5 жыл бұрынғы деңгейде қалды. Ешқандай өсу жоқ! Нақтысектор айналым қаражатына қол жеткізудің күрделі мәселелерін бастан кешіруде.
- Ішкі нарықтың импортқа тәуелділігі өсті, мысалы, экспорттың жалпы құрылымында азық-түлік тауарларының экспорты
6,2%-ға (2020 ж. – 7%) төмендеді, ал импорттың жалпы құрылымындағы олардың
импорты 11,8%-ға дейін өсті (2020 ж. - 10. 7%).
- Бюджеттің мұнайға деген үлкен
тәуелділігі сақталуда. Осылайша, ЖІӨ-ге қатысты шикізаттық емес
тапшылық 9,9% құрайды. Еске салайық, ЕО стандарттары бойынша экономика 3
пайыздық тапшылықпен тұрақсыз болып саналады.
Ал Үкімет есебінде «2021 жылы экономика тұрақты өсу траекториясына түседі»
деп сендіреді.
Кері бағыттағы минус белгісі бар біртүрлі «өсім».
- Мемлекеттік борыш және мемлекет кепілдік берген борыш 53,7 млрд АҚШ долларын құрап, жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасында белгіленген ЖІӨ шегінен асып түсті. Бұған кім жауап береді?
Ұлттық қордың шығыстары түсімдерден асып түсті, ол қазірдің өзінде 22%-ға қысқарды.
Ұлттық қордың 2021 жылға арналған инвестициялық кірісі 2,5 есеге азайып,
қорды басқару шығындары 19 миллиард теңгеге дейін өсті.
2021 жылы Қордан ең көп қаражат алынды: кепілдендірілген трансферт 2,7 трлн
теңге, нысаналы трансферт – 1,8 трлн, нақтылауды қосқанда тағы 850 млрд теңге.
Нәтижесінде бір жылда Қор активтері 9,4%-ға, яғни 55,3 млрд АҚШ долларына
дейін қысқарды.
Бұл ретте нысаналы трансферт негізінен (58%) ағымдағы шығыстарға жұмсалды,
Ұлттық қор тұжырымдамасында маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру
көзделген.
Сонымен қатар, Есеп комитеті Ұлттық қорға қаржының қайтарылмауы бойынша заң бұзушылықтарды анықтады, бұл 2015 жылдан бері 72 миллиард теңгеден астам соманы құраған.
– 2007 жылы бюджет экономиканың «таза кірісінің» 90 пайызы есебінен
қамтамасыз етілсе, бүгінде Ұлттық қордан түскен қаражатсыз және несиесіз бюджет
шығыстарының 50 пайызы ғана жабылған.
Осының барлығы экономиканы дамытып, салық салынатын базаны қалыптастыратын
салалар құрылмай-ақ Ұлттық қор қаражатының «желініп кеткенін» айғақтайды.
Бұл ретте бюджеттің шығыс бөлігінде экономиканың нақты секторына инвестицияның тағы да 6%-ға қысқаруы байқалады. Тіпті бұл қаражат та технологиялық өндірісті құруға емес, жолдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына жұмсалды. Егер оны ешкім жасамаса, бюджет кірісі қайдан пайда болады?
Өнімді экономиканы дамыту тұрғысынан экономикалық аймақтарды құруға үлкен
үміт артылды. Бірақ шын мәнінде не болып жатыр? 2001 жылдан 2021 жылға дейін
АЭА-ға құйылған инвестициялар 4,2 трлн теңгені құрады, оның 71 пайызы елорданың
және Түркістанның әкімшілік орталықтарының құрылысына (3 трлн теңге) және 29
пайызы ғана өнеркәсіпке (1,2 трлн
теңге) жұмсалды.
Бірақ соған қарамастан инвестицияның
2/3 бөлігін (807 млрд теңге) квазимемлекеттік кәсіпорындар салған.
«НИНТ» мұнай-химия технопаркі», «Химпарк-Тараз» сияқты АЭА жеке инвестицияны
мүлде тартқан жоқ.
Ел экспортындағы АЭА өнімдерінің үлесі 0,1% құрайды, бұл заманауи өндірістерді құрудың сәтсіздігін көрсетеді.
- Квазимемлекеттік сектордың рөлі. 2020 жылдың 23 наурызында Мемлекет басшысы барлық мемлекеттік компаниялардың таза кірісінің 100 пайызын бюджетке аударуды тапсырды. Бірақ үкімет мұны «бір реттік» бұйрық деп түсініп, бюджетке 100, тіпті 50 пайызын емес, мемлекеттік компаниялардың табысының 16 пайызын ғана жіберді. Биылғы жылдың сәуір айында «Ақ жол» фракциясы ұлттық компаниялар кірісінің 100 пайызын бюджетке қайтару туралы талапты заңға енгізуді ұсынды, бірақ біздің ұсынысымыздан бас тартты. Жаңа Қазақстан аясында Үкіметтің Парламенттің мұндай бастамаларына тосқауыл қою құқығын қайта қараудың уақыты келді деп есептейміз.
Сонымен бірге, Есеп комитетінің тексеру қорытындысы бойынша өткен жылы
квазимемлекеттік секторды басқаруда 2,3 трлн. теңгеге заңбұзушылықтар
анықталған.
Президенттің жаңа мемлекеттік кәсіпорындарды құруға мораторий жариялағанына
қарамастан, ондаған жаңа РМК пайда болды.
Квазимемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруде ірі
бұзушылықтар анықталды. 2021 жылы 66
кәсіпорын нарықтық құннан 3 есе төмен бағамен сатылды (22,2 млрд теңгеге қарсы 7,2
млрд теңге), 18 нысан нарықтағыдан 11 есе арзан сатылды (нарықтық құны 9,4 млрд теңге, сату бағасы 864 млн теңге).
Мұның барлығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін білдіріп, құқық қорғау органдарының назар аударуын талап етеді.
Бұл ретте квазимемлекеттік кәсіпорындар бірдей функцияларды жиі қайталайды.
Мәселен, тұрғын үй
бағдарламаларымен «Бәйтерек девелопмент», «Қазақстан ипотекалық компаниясы»,
«Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры», «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы»,
«Баспана» ипотекалық ұйымы, «Самұрық-Қазына констракшн», «Қазақстан тұрақтылық
қоры» мемлекеттік компаниялары айналысады.
Инвестицияларды тартумен – «Тікелей инвестициялар қоры», Ұлттық банктің Ұлттық инвестициялық
корпорациясы, «Самұрық-Қазына Инвест», «Қазына капитал менеджмент», «Каз Тех
Венчурз», «Казах Прожект Препарейшн фонд» және т.б.
Олар шын мәнінде қаншалықты инвестиция тартып, қаншама пайда әкеліп жақындарына, кеңселеріне, жалақыларына, сыйақыларына қанша ақша жұмсайтыны – үлкен сұрақ.
Құрметті әріптестер.
Конституция бойынша референдумнан кейін Президент Қ.Тоқаев өз Үндеуінде
«Жаңартылған Конституция негізінде біз мемлекеттік институттардың жұмыс
істеуінің анағұрлым тиімді моделін
қалыптастырамыз, тежемелік және тепе-теңдік тетіктерін күшейтеміз» деп
баса айтты.
Басталған реформаны әзірлеу барысында ұлттық компаниялардың бюджеттерін
және олардың дивидендтік саясатын, сондай-ақ сыртқы қарыз алуды реттеу
өлшемдерін қоса алғанда, Бюджеттік саясат тұжырымдамасын бекітуді жария ету және Парламентке енгізу қажет деп
санаймыз.
Әйтпесе, мемлекеттік органдардың қолында болғандықтан, бұл нормалар шенеуніктердің өз қалауына қарай реттеледі.
Сондай-ақ, «Ақ жол» демократиялық партиясы жаңадан тағайындалған үкіметтің іс-қимыл бағдарламасын
парламенттің бекітуі туралы норманы қайтаруды ұсынып отыр.
Сонда мемлекет басшысы тапсырған бюджет пен халықтың қаржысын кім көп жұмсағанына қарап емес, халықтың өмір сүру сапасына қарай үкімет жұмысын бағалауға болады.
Сонымен қатар, конституциялық реформаны әзірлеу барысында және әлемдік тәжірибеге сәйкес Мәжіліске Жоғарғы есеп палатасы анықтаған қаржы жымқыру және сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Парламенттік тергеу жүргізу құқығын беруді талап етеміз.
«Ақ жол» демократиялық партиясы осы және өзге де бастамаларды заңнаманы
Конституцияның жаңа редакциясына сәйкестендіру барысында енгізетін болады.
Назар аударғаныңызға рақмет.
Ақпарат үшін: «Ақ жол» ҚДП фракциясы дауыс беру кезінде Үкіметтің бюджеттің
атқарылуы туралы есебін қолдамады.