07
Мамыр

Ұлы Отан соғысының ардагері Кудин Илья Григорьевичке құрмет көрсетілді

7 мамыр 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы

Бүгін Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Алматы қаласы мәслихатының төрағасымен бірге, "Ақ жол" партиясының депутаты ретінде, Ұлы Отан соғысының ардагері Кудин Илья Григорьевичке бардық.

Келе жатқан мерекемен құттықтап, тілектерін тыңдап, ақ батасын алып, 5 миллион теңге көлемінде жәрдемақы төлеу туралы шешім қабылдағаны үшін алғыс алдық.

Илья Григорьевичке шын жүректен бейбіт аспан үшін, Жеңіс үшін, ерен әрекет үшін алғыс айттық. 98 жастағы ардагермен оның 100 жылдығын бірге мерекелеуге келістік!