10 қазан 2025 жыл, Алматы облыстық филиалы
Бүгін Алматы облысы Іле ауданының Қараой ауылдық округіне қарасты Нұрғиса
Тілендиев атындағы ауылда қазақ халқының ұлы перзенті, көрнекті композитор,
дирижёр, кино композитор, домбырашы және музыка педагогы Нұрғиса Атабайұлы
Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған стелла салтанатты түрде ашылды.
Нұрғиса Тілендиев – халқымыздың рухани әлемін байытқан, мәңгілік мұра
қалдырған дара тұлға. Оның туындылары қазақтың рухын көтеріп, өнердің биік
шыңына жетеледі.
Салтанатты шараға Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының депутаты, «Ақ
жол» партиясының өкілі Әлімбаев Жәнібек Қабылтайұлы, Іле ауданының депутаты,
«Ақ жол» партиясының мүшесі Ботабеков Олжас, сондай-ақ Іле ауданы кәсіпкерлердің
қоғамдық комиссиясының төрағасы, «Ақ жол» партиясының өкілі Бармашықов Дулат
қатысты.
Ұлтымыздың мақтанышы – Нұрғиса Тілендиев есімі әрдайым ел жүрегінде
сақталады!
