18 қараша 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиал
Қаражал қаласы бойынша ҚДП “Ақ жол” филиалының үйлестірушісі Сексен
Сүлейменов Қаражал қаласынан өнімдерімен қамтамасыз етіп, әлеуметтік осал топтарға
тұрақты көмек көрсетіп жүрген кәсіпкер — ИП Алиева Ж.Ш. директоры Жанар
Алиеваға ерекше құрмет көрсетті.
Кәсіпкердің қала өміріндегі маңызы зор еңбегін ескере отырып, ол Қарағанды
облысы бойынша ҚДП “Ақ жол” филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты,
“Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығы және сервис қызметтері” бірлестігінің
президенті Ермек Әбілдиннің атынан Алғыс хатпен марапаттады.
Сексен Сүлейменов: "Қаражал қаласының тұрғындарын нанмен қамтамасыз ету
— үлкен жауапкершілік. Әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға қолдау көрсету –
нағыз азаматтық ұстаным. Мұндай еңбекті партия атынан атап өту – біздің
міндетіміз," — деді.
Ақ жол партиясы әрқашан кәсіпкерлікті қолдап, әлеуметтік жауапкершілік
қағидаттарын дәріптеп келеді. Жанар Алиеваның еңбегі — осы құндылықтардың айқын
көрінісі.
