25
Қараша

Үлгілі ауылдық округінде балалар ойын алаңы ашылды

25 қараша 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан сайланған Байзақ аудандық мәслихатының депутаты Ләйлә Бесбаеваға Үлгілі ауылдық округіндегі сайлаушылары елді мекенге балалар ойын алаңы қажет екенін айтып, бірнеше мәрте қайырылған болатын. Ақжолдық депутат бұл мәселені ауыл әкімінің назарына жеткізген.

Тұрғындардың тілегіне орай, «Үлгілі ауылда – үлгілі жоба» шеңберінде балалар ойын алаңы ашылды.

«Бұл жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жариялаған конкурс шеңберінде жүзеге асты. «Асқақ рух – еркін ел» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанып, 4,5 миллион теңге қаржыға ойын алаңшасына қажетті құрал-жабдықтар алып, тиісті жұмыстар жүргізді. Құрылыс жұмыстарына ауыл халқы жұмыла атсалысты», - дейді Ләйлә Бесбаева.

Аталған жоба алғаш рет Үлгілі ауылында жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарын ауызбіршілікке шақыру, ынтымақ пен ұйымшылдықты арттыру.