11
Сәуір

Ләйлә Бесбаева мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысына қатысты

11 сәуір 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан сайланған депутат Ләйлә Бесбаева Байзақ аудандық мәслихатының «Экология, табиғатты пайдалану, денсаулық, жанұя мен әйелдер ісі, мүгедектер  және тұрғындардың тұрмысы төмен бөлігін әлеуметтік қорғау мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қатысып, мәселе көтерді.

Комиссия отырысының күн тәртібінде «Ауданда туберкулез ауруларының алдын алу шаралары бойынша атқарылған жұмыстар туралы» баяндама тыңдалды.

Баяндамашының мәліметіне сүйенсек, ауданда эпидахуал тұрақты болғанымен, туберкулезбен ауырғандар бар.

Ләйлә Бесбаева: «Науқастар дертті қай жерден, қалай жұқтырды?» - деген сауалды алға тарта отырып, жұқпалы аурудың ошағын анықтап, әрі қарай таралмауын қадағалау қажет екенін ескертіп, мәселе көтерді.

«Мамандар қазіргі таңда Шу ауданында да өкпе дертімен 22 адам ауырып жатқанын айтты. Ауру көшіп келгендерден және туберкулезбен ауыратын отбасылардың балаларынанан, жылжымалы флюромашина арқылы жұққан. Жұқпалы ауру таралмауы үшін науқастарды және олармен қарым-қатынаста болған жақындарының денсаулық жағдайын бақылауға алып, санитарлық талаптардың сақталуын, оқшаулануын қадағалау керек», - дейді депутат.