02
Маусым

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Саясаттану» кафедрасының бірінші курс студенттерімен кездесу өтті

2 маусым 2025 жыл, Астана қалалық филиалы

Студенттерге партияның тарихы, идеологиялық негіздері және демократиялық институттарды дамытуға қосқан үлесі туралы ақпарат берілді. Партияның Бағдарламасы, Жарғысы, басым бағыттары мен «Алаштың Ақ жолы» республикалық байқауы жайлы мәлімет ұсынылды. Бұл байқау – Алаш мұрасына арналған.

Қатысушыларға үгіт-насихат материалдары көрсетіліп, ашық диалог өткізілді. Студенттер саясат пен қоғамдық бастамаларға белсенді қызығушылық танытты. Мұндай кездесулер жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және оларды қоғамдық-саяси үдерістерге тартуға септігін тигізеді.