19
Маусым

Эльнур Сафаровты «Адам өмірін құтқарғаны үшін» медалімен марапаттады

19 маусым 2025 жыл, Астана қалалық филиалы

2025 жылғы 14 мамырда «Ақбұлақ» саябағының жағалауында Эльнур Сафаров Есіл өзеніне батып бара жатқан баланы құтқарып қалды. Ол бір сәт те ойланбастан суға секіріп, баланы жағаға алып шықты. Бұл ерлігі қоғамда кеңінен қолдау тауып, әлеуметтік желіде оң пікірлерге ие болды. Оның әрекеті – нағыз жанқиярлық пен азаматтық жауапкершіліктің үлгісі.

Марапаттау рәсімі 19 маусымда өтті. Медальді «Ақ жол» ҚДП фракциясының мәслихат депутаты Күлмағамбетова Жанаргүл Жұмабаевна табыстап, мұндай ерліктерді дәріптеу қоғамдағы өзара көмек пен ынтымақтастық мәдениетін қалыптастыруда маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар, алғыс ретінде Спортмастер спорт дүкендер желісіне сыйлық сертификаттары табысталды.