19
Қараша

Ұлытау облысы бойынша ҚДП “Ақ жол” Жастар қанаты ұйымдастырған “Ақ жол: Алаш рухы” әдеби талдау кездесуі өтті

19 қараша 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы

Бүгінгі рухани маңызы зор шарамыз Алаш идеясының терең мәнін, ұлттық рухтың биік деңгейін жастарға жеткізуді мақсат тұтты. Алаш арыстарын біз тарихтан білеміз, бірақ олардың шығармаларын зерделеп, рухани мазмұнын ұғыну — бүгінгі буынның міндеті.

Осы мақсатта біз Мыржақып Дулатұлының алғашқы қазақ романдарының бірі — “Бақытсыз Жамалды” талқылап, қоғамның сол кезеңдегі көрінісін, әйел теңдігі мәселесін, ұлттық сана мен әділетсіздік тақырыптарын жан-жақты сараладық.

Кездесу спикерлері — Ақ жол жастарының жарқын өкілдері:

Айжан Нұрбекова — “Қазақмыс” Технологиялық колледжінің 3-курс студенті, көшбасшы, Алаш тарихына жанашыр жас. Айжан өз ойын терең талдап жеткізіп, жастарға шабыт сыйлады.

Аңсар Қуаныш — “Қазақмыс” Технологиялық колледждің 3-курс студенті, шығарманың мәнін жан-жақты талдай алатын жүйелі ойлы жас. Аңсар “Бақытсыз Жамалдың” мазмұнын жаңа қырынан ашып берді.

Сабина Жұмаділда — Жоғары Медициналық колледж студенті, әр детальді дәл көріп, әдеби мәнін аша алатын зияткер тұлға. Сабина романды психологиялық тұрғыдан талдап, аудиторияны терең ойға жетеледі.

Ақжол Жантлеуов — Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің 3-курс студенті, ұлттық рухты бойына сіңірген, ел болашағына жанашыр жас. Ақжол романның тарихи контекстін, Алаш идеясының мәнін және оның ұлт санасындағы орнын түсіндірді.

Жастардың белсенді пікірі — біздің басты мақтанышымыз!

Кездесу барысында қатысушылар: – шығарманың әсерлі тұстарын, – бүгінгі заманмен байланысын, – ұлттық сана, қоғам, әйел теңдігі мәселелерін талқылады.

Әр пікір — құндылық. Әр ой — болашақтың бағдаршамы.

Алаш рухы — біздің жүрегімізде!

ҚДП “Ақ жол” партиясы жастардың тарихи санасын қалыптастыруды, ұлттық рухты күшейтуді және Алаш идеясының мәңгілік маңызын жеткізуді жалғастыра береді.

Міржақып Дулатұлы айтқандай: “Оян, қазақ!” Бұл үндеу — бүгінгі жастарға арналған. Оянатын да, елді жаңғыртатын да — Сіздер!

Қатысқан барлық жастарға алғыс білдіреміз! Ақ жол жастары — алға!