25
Шілде

Ұлытау облысында «Ақ жол» партиясының жаңа төрағасы сайланды

25 шілде 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы

Бүгін Ұлытау облысы бойынша «Ақ жол» демпартиясының есеп беру-сайлау конференциясы өтті, оған мәслихаттармен жұмыс жөніндегі ҰК хатшысы, фракция аппаратының басшысы Берік Сәлімжанұлы Дүйсембинов, «Ақ жол» партиясының орталық аппаратының жетекшісі Асылхан Төлеббергенұлы Қожахметов және аудандардан келген делегаттары мен барлық деңгейдегі маслихат депутаттары қатысты. Конференцияның шешімімен Әлібек Исин филиалдың төрағасы болып сайланды.

Әлібек Ерлікұлы – белгілі кәсіпкер, "Samadi A Group" ЖШС директоры, "Samadi" ЖШС компанияларының басшысы. Сондай-ақ көпшілік дауыспен 12 адамнан тұратын филиалдың жаңа кеңесінің құрамы бекітілді.

2024 жылдан филиал басшысы болған Акылбек Аманов денсаулығына байланысты өз еркімен өтініш білдірген еді.

Жиын соңында қайта қабылданған бірнеше ақжолдықтарға партия билеттері табысталды.