27 қараша 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
Жамбыл облыстық мәслихатының бюджет жөніндегі комиссия отырысында сессияда
қаралатын мәселелер жан-жақты талқыланды. Жиынға қатысқан «Ақ жол» ҚДП Жамбыл
облыстық филиалының, мәслихаттағы тұрақты комиссияның төрағасы Мұқанбетәлі
Шалқарбеков комиссия отырысында бюджеттік жобадағы аумақтардың дамуы, халықтың
өмір сапасын жақсартуға қатысты мәселелерді депутаттар қызу талқыға салғанын
атап өтті.
«2026 жылғы жобада жаңа әлеуметтік нысандар құрылысына қаржы
қарастырылмаған. Депутаттар үшін халықтың әлеуметтік хал-ахуалын жақсартатын
мәселелер маңызды. Тұрғындардың сұранысы мен өтініші назарда», - дейді
Мұқанбетәлі Жеңісұлы.

