16
Сәуір

Мұқанбетәлі Шалқарбеков экономикалық аймақ жұмысымен танысты

16 сәуір 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Өңір басшысы бастаған жұмыс тобымен бірге «Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалының, Жамбыл облыстық мәслихатындағы тұрақты комиссияның төрағасы Мұқанбетәлі Шалқарбеков  Шу ауданындағы «ТаразХимПарк» еркін экономикалық аймағын аралап көрді.

Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков экономикалық аймақта іске қосылатын жаңа жобаларды таныстырды.

«Партиямыз кәсіпкерлік саласын, отандық өнеркәсіпті  алға ілгерілетуді көздейді. Мұнда алдағы уақытта үлкен өндіріс орындары іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылмақшы. Былтыр арнайы келіп экономикалық аймақтың жұмысымен танысқанмын. Ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр», - дейді Мұқанбетәлі Жеңісұлы.