21
Қантар

Маслихат Депутат Ержан Усенов мектептегі жөндеу сапасына қатысты ведомствоаралық тексеріс жүргізуді талап етті

Қостанай қалалық мәслихатының депутаты Ержан Усенов Қостанай қаласындағы №122 орта мектепте қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты депутаттық сауал жолдады.

Күрделі жөндеу жүргізілгеніне қарамастан, мектепте тиісті температуралық режим қамтамасыз етілмеген. Төмен температураға байланысты оқушылар қашықтықтан оқыту форматына көшірілді.

Депутаттық сауал «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МКК-не, Қостанай қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөліміне, Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасына, сондай-ақ мердігер ұйым — «ТоргСтроймонтаж» ЖШС-не жолданды.

Ержан Усенов жағдайды жан-жақты әрі объективті қарау, жауапты тараптарды анықтау және жедел шаралар қабылдау үшін ведомствоаралық комиссия құруды талап етті. Депутаттың айтуынша, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі мәселесі оның депутаттық бақылауында.