28
Тамыз

«Мектепке жол» – Ақкөл ауданындағы игі шара

28 тамыз 2025 жыл, Ақмола облыстық филиалы

Ақкөл ауданында «Ақ жол» демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалы ұйымдастырған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Шара аудандық кітапханада ұйымдастырылды.

«Ақ жол» партиясының депутаты Ирина Андрющенко балаларды және ата-аналарды Конституция күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Бұл күні балалар тек қана мектепке қажетті құрал-жабдықтарға қол жеткізіп қана қоймай, мерекелік көңіл-күйге бөленді. Балаларға арнайы дастархан жайылып, қызықты викторина ұйымдастырылды.

Акцияның бас демеушісі – «Алуа Строй» ЖШС. Компанияның қолдауы арқылы әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардың балалары жаңа оқу жылына дайындық кезінде қажетті көмектерін алды.

Акцияның басты мақсаты – көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсету, сондай-ақ олардың мектепке дайындығына жағдай жасау.

Балалардың қуанышты күлкісі мен ата-аналардың алғысы – осы игі істің басты жемісі.

Жақсылықты бірге жасайық!