10
Сәуір

Мемлекет кәсіпкерлікке кедергі келтірмеуі керек - Казак унi (Алматы)

«Ақ жол» партиясы мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу бойынша заңын жай ғана қолдап қоймай, мейлінше қуаттайды. Бұл жөнінде Мәжілістің пленарлық отырысы барысында Азат Перуашев мәлімдеді.
Аталған заң жобасын талқылай келе, демократиялық фракцияның көшбасшысы, Қазақстан ТМД елдерінің ішінен бірінші болып әлемдік қоғамдастық тарапынан нарықтық экономикасы бар мемлекет ретінде танылғанын атап етті.
Алайда қарқынды өсу кезеңінде (2008-2009 ж.ж. дағдарысқа дейін), мемлекет экономикалық жобаларға белсенді кіре бастады, соның нәтижесінде мемлекеттік қатысуы бар кәсіпорындардың саны кейбір кезеңдерде жыл сайын 10%-ға көбейді.
Бизнестегі мемлекеттік қатысудың беталысы объективті себептер бойынша әлемдік қаржылық дағдарыс кезеңінде күшейді, өйткені бұл кезде мемлекет тұрақтылықтың тірегі және басты инвестор болып шықты.
Алайда бұл жағымсыз салдарларға да әкелгені жасырын емес. Осылайша, ұлттық кәсіпорындардың және квазимемлекеттік құрылымдардың үлесі елдің жалпы Ішкі өнімінде 60-70%-ға дейін қисынсыз өсіп кетті. Ол нарықтық экономиканың, оның ішінде, жеке бизнесті де мемлекеттік-монополистік бағытқа ауыстыру қаупін туғызады.
Азат Перуашев Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасына сілтеме жасай отырып, оның таныстырылымы барысыңда Президент Н.Назарбаев мемлекеттік кәсіпорындардың кең ауқымды жекешелендіруінің екінші толқынын өткізу міндетін ерекше тапсырғанын алға тартты.
«Ақ жол» демократиялық партия жетекшісінің пікірі бойынша бұл кадамның мақсаты экономиканы «мемлекет меншілігіне алуға» жол бермеу және оны нарықтық рельстерге қайтару болып табылады.
Алайда кәсіпорындарды жекешелендірудің өзі жеткіліксіз болатын еді, өйткені мемлекеттік органдар олардың орнын жаңасымен алмастыруға мумкіндіктерді мол еді.
Бұған байланысты, бір жыл бұрын, 2014 жылдың 2-сәуіріңде, «Ақ жол» партиясының фракциясы мемлекеттің қатысуымен жаңа кәсіпорындарды құруға мораторий жариялап, тыйым салуды сұраған депутаттық сауал жолдағанын еске салды А.Перуашев. Сондай-ақ Үкімет бұл мәселені тиісті заң жобасында есепке алу мақсатқа сай деп жауап берді.
«Бүгін біз бұл заң жобасын қарастырып жатырмыз. Біздің әріптестеріміздің де оған қатысты нақты ескертпелері бар, соларды екінші оқылымға дейін есепке алу керек.
 
Дерекнама - Казак унi (Алматы), № 12 (671), 31.03.2015