27
Наурыз

«Мемлекеттік реформалар және қоғамның билікке деген сенімі» тақырыбында жастармен кездесу өтті

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалының іс-шаралар жоспарының желілік кестесіне сай «Мемлекеттік реформалар және қоғамның билікке деген сенімі» тақырыбында жастармен кездесу өтті.

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова, партиядан сайланған Тараз қалалық мәслихатының депутаты Шахан Байкенжеев, филиал заңгері Жеңіс Сариев кездесуде ұлттық бірлік пен халық сенімі – реформалардың қозғаушы күші екеніне айрықша тоқталды. Еліміз құқықтық және қоғамдық дамудың маңызды кезеңінде тұрғанына тоқталды.

Спикерлер сондай-ақ Жаңа Конституция әр азаматтың құқықтарын қорғайтынын, өз ісін ашқандардың кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз ететінін қозғады.

«Реформа - мемлекеттіліктің іргетасы, ол қоғамдық бірлікке жол ашады. Қоғамдық ынтымақтастық – ел тұрақтылығының негізгі тірегі. Бұл – бейбітшілік пен өзара құрметке негізделген қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды ұстаным», - дей келе Сейсекүл Дүйсебайқызы Жаңа Конституция жасанды интеллект және жаппай цифрландыру дәуірінде Қазақстанның тұрақты дамуына мызғымас негіз қалайтынын атап өтті.

Ашық диалог форматында өткен кездесуде жастар ой-пікірлерін ортаға салып, дамудың жаңа кезеңінен жаңа өзгерістер күтетіндіктерін жеткізді.