2 маусым 2025 жыл, Қарағанды облыстық филиалы
Бұған дейін "Ақ жол" партиясының Қарағанды облыстық филиалы
қаражат жинауға атсалысқан жас параспортшы Әубәкір Мұхамед Қырғыз
Республикасының үстел теннисінен, сондай-ақ 60 және 200 метрлік спринтерлік
қашықтықтан Халықаралық чемпионатында бірінші орынды иеленді. Партия филиалы
лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтай отыра, болашақта да жеңіс тұғырынан
көрінуін тілейді. Әлбетте, бұл жеңістер - қажырлы еңбектің, табандылықтың және
сөзсіз таланттың нәтижесі. Партияның
мүшелерінің, "Снаб Пром" ЖШС компаниясының басшысы Жұмамбаев
Болаттың, "Ақ жол" партиясының белсенді мүшесі Рахметов Жаннұрдың,
"Бірыңғай қызмет көрсету орталығы" заң консультанттары палатасының
заңгерлерінің арқасында Әубәкір Мұхамед
өз арманын орындауға, өз әлеуетін іске асыруға және Қазақстанды халықаралық
аренада дәріптеуге мүмкіндік алды.

