Азат Перуашев – отандық коррупционерлер рессейліктерге қарағанда 2 есе ашқарақ
4 наурыз 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Отандық коррупционерлер рессейліктерге қарағанда екі есе ашқарақ – бұл туралы Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев өткен бейсенбіде Оралбай Әбдікәрімовтің төрағалығымен өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің отырысында мәлімдеді. Сонымен қатар, қазақстандық демократтар көшбасшысы халықаралық Tax Justice Network ұйымының зерттеуінің қорытындысын келтірді:
- Халықаралық сарапшылардың мәліметтері бойынша 90-шы жылдардан бастап Қазақстаннан 138 млрд-тан астам АҚШ доллары оффшорға шығарылған. Дәл осы кезеңде көрші Ресейден 798 млрд. доллар шығарылды. РФ экономикасының шамамен 12 есе басымдылығын есепке алсақ, қазақстандық коррупционерлер ауқымдылығы мен ашқарақтығы жағынан рессейліктерден 2 есе асып түседі деген тұжырым жасауға тура келеді, - деп атап өтті ол.
«Әрдайым, Есеп комитеті бюджетті орындау бойынша есебінде, меморган өнімді нарықтық бағадан 3-4 есеге қымбатқа сатып алды және төлемді оффшорлық аймақ арқылы жүргізді (мұндай мысалдар аз емес) деп хабарлайды – бұл жерде әңгіме дәл осы сыбайлас жемқорлық капиталын шығару туралы болып отыр деп түсіну керек», - деп атап өтті Азат Перуашев. Ол мұнда, атышулы Әбілязов машықтанған, коммерциялық банктердің қаражатты жалған несиенің астарымен елімізден шығаруын да кіргізді.
Бұл қаржылар біздің еліміз үшін біржола жоғалады, олар инвестицияланбайды, өнімдер және қосымша құн жасамайды. Сонымен ЖІӨ нақты көлемі шығарылған капиталдың сомасына азаяды, ал тұрғындардың жан басына шаққандағы көлемі меморгандардың есебінде көрсетілгеннен анағұрлым төмен шығады. Сондықтан да егер, ресми статистика бойынша Қазақстанның ЖІӨ еуропалық өмірдің деңгейіне жақын қалса, ал нақты айырмашылық көрініп тұрса, бұл кездейсоқтық емес.
«Тек ресми сандардан ұрланған және жемқор тұлғалармен елден шығарылған сомаларды алып тастау керек», - дейді депутат.
Сыбайлас жемқорлық барлық салаларға және аймақтарға кіріп алған, қоғамда әртүрлі алым-салықтың және «откаттардың» мөлшерлемелері мен түрлері ашық талқыланады: мысалы, ғаламторда кейбір аймақтарда тендерге қатысушыларды «бюджеттен тыс» қорлар дейтіндерге 10-20 пайызын аудару бойынша сатуды ұйымдастырушылармен алдын ала «меморандумдарға» қол қоюға мәжбүрлейтіндігі хабарланады. «Ақ жол» ҚДП-сына оңтүстік облыстардың бірінен ауылдық мектепте жұмысқа тұрғызу үшін берілетін директордан еден жуушыға дейінгі параның құны жіберілген, ал орташа мөлшерлеме шамамен осы лауазымның жарты жылдық жалақысына сай келеді.
Сыбайлас жемқорлыққа және қаржыларды сыртқа шығаруға қарсы әрекет ретінде, «Ақ жол» партиясы заңнамалық деңгейде шенеуніктер мен ұлттық компаниялардың менеджерлеріне шетелдік банктік есеп шоттар және басқа меншіктерді иеленуге тыйым салуды ұсынады. Сонымен бірге, ҚДП басшысы Азат Перуашев атап көрсеткендей, бұл шара табыстар мен шығыстарды жаппай мағлұмдауды бірдей енгізгенде ғана нақты нәтижеге ие болады. Бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктердің сыртқы операциялары үшін пәрменді бақылау енгізу, мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау, барлық мемлекеттік қаржы операторларын қоғамдық бақылауға көшіру, сондай-ақ мемлекеттік қаржының және әкімшілік ресурстардың есебінен жеке кәсіпорындарды ығыстыратын меморгандарды және ұлттық компанияларды бәсекелестік ортадан шығару қажет. Демократтар көшбасшысы бұл мәселе бойынша ақшаның ізін жасыруға және сыбайлас жемқорлық капиталының транзитіне қарсы әрекет ететін халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта болу қажет деп есептейді.
«Бұл шаралардың бір күнде өздігінен атқарылып кетпейтіні түсінікті. Алайда сыбайлас жемқорлықпен күресте тек меморгандарға үміт артып отыруға болмайды, тек қана қоғам және журналистер қамтамасыз ете алатын бұл күрес толығымен ашық болу керек» деп түйіндеді Азат Перуашев.