13
Наурыз

Санат жоқ 13.03.2013

Қазақстандық демократтардың көшбасшысы Азат Перуашев білім министрлігімен мәлімделген жоғары білім нарығын бәсекесіз қайта бөлуге және жеке жоғары оқу орындарының құқықтарына шек қоюға батыл қарсы шықты

13 наурыз  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
           Қазақстандық демократтардың көшбасшысы Азат Перуашев Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың атына  депутаттық сауал жолдап, білім министрлігімен мәлімделген жоғары білім нарығын қайта бөлуге және жеке жоғары оқу орындарының құқықтарына шек қоюға батыл қарсы шықты.
 Депутат еске салып өткендей, жуырда БҒМ-нің  әр облыста біреуден артық емес жеке жоғары оқу орынын  қалдыруға ниеттеніп отырғандығы туралы мәлімдеген болатын. Шенеуніктердің пікірінше, жеке жоғарғы оқу орындары мамандарды сапалы дайындауды  қамтамасыз етпейді.
Алайда, Азат Перуашев атап көрсеткендей, министрлік мұндай пікірлерінің пайдасына қандайда бір дәлелдемелер келтірілмеді, сондай-ақ жабылатын ЖОО-ның оқу бітірушілерінің деңгейін, профессор-оқытушылар құрамының немесе мекеменің оқу-әдістемелік базасының сапасын бағалаудың нақты өлшемдеріне де сілтеме жасалмады.
«Білім деңгейінің төмендігі – жекеге де, мемлекеттік жоғары оқу орындарына да тән жоғары білім берудің отандық жүйесінің ортақ проблемасы» - деп атап көрсетті ол.
 - Кейбір аймақтарда 1 емес, 3-4 мықты және сапалы жеке ЖОО болуы, ал кейбір аймақта біреуі де болмауы мүмкін. Бұдан басқа, жұмыс қолы көп аймақтарда ЖОО-ына қажеттілік тұрғындары және жастардың үлесі аз аймақтардан әлдеқайда жоғары болатыны рас.  Сондықтан, министрлікпен мәлімделген іріктеудің «бір аймаққа – бір жеке жоғары оқу орны» қағидасы өте күмәнді көрінеді – дейді депутат.
Сонымен қатар, ҚДП депутаттары ҚР Конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады, ал ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы бойынша жеке кәсiпкерлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген негiздер бойынша ғана шектелуi мүмкiн екенін еске салады.
- Тіпті, елімізде ЖОО-ның артық екені байқалатындығымен келіскеннің өзінде, неге олардың санын қысқарту жеке мекемелердің есебінен жүргізілуі керек? - деп сұрайды «Ақ жол» партиясының жетекшісі және көңілге қонымды, дәлелді статистика келтіреді. Мәселен, Чехияда 58 жеке ЖОО санына тек 28  мемлекеттік, Малайзияда 599 жоғары оқу орнының 521-і жеке жоғары оқу орны келеді. АҚШ-да жеке университеттердің саны мемлекеттіктен 4,5 есе, Ұлыбританияда – 50 есе артық және т.б.
Жалпыға мәлім, нарықтық экономика жағдайында адал және ашық бәсекелестік қана өнімдердің және қызметтердің сапасын көтеруге әкеледі. Ал, дәл осы өнімдердің сұранысқа ие болуы жетістіктердің объективті көрсеткішіне қызмет етеді.
ЖОО сапасын ірі бизнестің отандық және халықаралық компанияларынан пікір сұрау бойынша  жасалған ҚР-ындағы ірі  қазақстандық жоғары оқу орындарының сапалық  рейтінгіне («ИА «Рейтинг.KZ» агенттігі) сәйкес, еліміздің таңдаулы он жоғары оқу орындарының жетеуі (70%)  - дәл осы жеке жоғары оқу орындары. Яғни, жұмыс берушілер жеке оқу орындары өздерінің бітірушілерін еңбек нарығына жақсы дайындайды деп есептейді және өздерінің осы пікірлерін, оларды басымдықпен жұмысқа алып, растап отыр.
Сондықтан, «Ақ жол» партиясы жоғары білім сапасын бағалаудың критерийі жоғары оқу орнының  меншік нысаны емес, бітірушілерінің білім деңгейі және еңбек нарығындағы олардың сұраныста болуы, - деп санайды.
Сонымен қатар, Азат Перуашев әріптестерінің назарын Білім министрлігінің шешімінен туындайтын тәуекелдіктерге аударды:
- ЖОО қысқартудан оқытушылардың босап қалуы, студенттерді одан әрі оқытудың шарттары және т.б. әлеуметтік салдарлары есептелген бе, жұршылыққа ештеңе де белгісіз. Бұдан басқа, қазіргі уақытта, ЖОО ортасында бұл процесс туралы кімді кіммен қосуға «мәжбүрлейтіндігі» жайында неше түрлі лақап сөздер жүр. Қаржыландыру және мемлекеттік грант үшін бәсекесіз күресте ықпал ету саласын дөрекі түрде қайта бөлісу жүріп жатыр деген қауіптер айтылуда.
Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы Білім және ғылым министріне келесі сұрақтарды қойды: қалайша және қандай критерийлер бойынша жоғары оқу жүйесін оңтайландыру жүргізу жоспарлануда, бұл ретте жеке жоғары оқу орындарының заңдық құқықтары мен мүдделері қаншалықты қорғалатын болады, сондай-ақ білім сапасын көтеруге нақты болжамдалған қадамдар бола ма, немесе барлығы мемлекеттік емес жоғары оқу орындарымен күрес жөніндегі науқанға тіреле ме?
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және қазақстандықтардың мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастыра береді.