06
Ақпан

Санат жоқ 06.02.2013

«Ақжол»: Денсаулық сақтау министрлігінің әрекеттері шетел өнімдерін импорттаушылардың мүдделерін көздейді және Фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөніндегі Бағдарламаның тоқтап қалу қаупіне әкеледі

6 ақпан 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Денсаулық сақтау министрлігінің әрекеттері шетел өнімдерін импорттаушылардың  мүдделерін көздейді және фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөніндегі Бағдарламаның толықтай тоқтап қалу қаупіне әкелді - бұл туралы Премьер-министр С.Ахметовтың атына жолдаған фракцияның депутаттық сауалында Екатерина Никитинская мәлімдеді.
Әңгіме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы қаулысымен бекітілген фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған Бағдарламасы  туралы болып отыр. Оның мақсаты   2014 жылға қарай отандық өндіріс есебінен елдің дәрі-дәрмектер қажеттіліктіктерін қанағаттандыру деңгейін 50%-ға жеткізу.
Бағдарламаны іске асыру отандық өндірушілермен  дәрі-дәрмектер көлемін 2011 жылы 10 млрд. теңгеден 22 млрд. теңгеге дейін және 2012 жылдың қорытындысы бойынша 28 млрд. теңгеге көтеруге мүмкіндіктер берді.
Бағдарламада қарастырылған мемлекеттік қолдаудың негізгі құралдарының бірі, бірыңғай дистрибьютор арқылы отандық өндірушілерден дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге 7 жылға дейін, ұзақ мерзімді шарттарға отыру болып табылады.
Бұл шара қазірдің өзінде-ақ қазақстандық 4 ірі кәсіпорынға фармацевтика саласында көп жылдық тәжірибелері бар  жаңа стратегиялық инвесторларды тартты.
Мәселен, Еуропада белгілі «Польфарм» компаниясы «Химфарм» АҚ-нан (Шымкент қ.) 51% акциясын сатып алды, бұл 100 млн. доллардан астам инвестициялар тартуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта ампула жасау цехының ғимараты салынды, 2013 жылы іске қосылады деп жоспарлануда, 2014 жылы бірқатар цехтардың құрылыстарын аяқтау жоспарланып отыр.
 «Нобел» түрік компаниясының алматы фармацевтикалық фабрикасын сатып алуы соңғы үш жылда  7 млн. доллардан астам сомаға қосымша инвестициялармен қамтамасыз етеді. Кәсіпорынмен 2011 жылы қатты дәрілік нысандардың цехына GMP халықаралық  стандартының  сертификаты (өндірістік практика стандартына сәйкестігі) алынды. Жалпы құны 25 млн. доллар болатын жаңа зауыт құрылысын салу жоспарлануда.
Осыған ұқсас шаралар Қазақстандағы өндіріс көлемі бойынша үшінші болып табылатын «Глобал Фарм» ЖШС зауытында жүргізілді, түріктің ірі компаниясы «Абди Ибрахим» тарапынан салған инвестиция көлемі 60 млн. долларды   құрады, сондай-ақ Қарағанды фармацевтика кешені ресейдің «Фармстандарт» компаниясынан 15 млн. доллар мөлшерінде инвестиция тарту бойынша осындай  іс-шаралар атқаруда.
Тек осы төрт жобаны іске асырғаннан кейін, Республикада дәрі-дәрмектер өндіру орташа есеппен 5 есеге өседі, бұл тұрғындардың отандық өндірістердің дәрілік препараттарымен қанағаттандыру деңгейін 25 пайызға жеткізуге мүмкіндік беретін болады.
Бұдан басқа, тартылған инвестициялар салаларға халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етеді, бұл өндірілетіін өнімдердің 30 %  дейін экспортқа шығаруға  мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 1729 қаулысына өзгертулер енгізу туралы жоба әзірленген болатын. Бұл жоба, іс жүзінде ұзақ мерзімге жасалған жеткізу шарттарының күшін жояды, әрі  Даму бағдарламасын орындауды болдырмау кауіпіне әкеліп соғуы мүмкін және  сонысымен іс жүзінде шетел өнімдерін импорттаушылардың мүдделерін көздейді.
Осыған байланысты, «Есеп комитетінің былтырғы есебін еске алмасқа болмайды, медициналық жабдықтар және препараттардың Денсаулық сақтау министрлігімен оффшорлық аймақтар арқылы Маршал аралдарынан Қазақстандағыдан 3-4 есе қымбатқа сатып алғаны көрсетілген»,- деп Е.Никитинская атап  өтті.
«Ақ жол» фракциясының депутаттары отандық өндірушілерімен дәрі-дәрмектің және медицинаға қатысты бұйымдардың жеткізіліміне  ұзақ мерзімдегі шарттарды сақтау бойынша шаралар қабылдау қажет деп санайды.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды  тұғырнамасын іске асыру және отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау  жұмысын жалғастыруда.