24
Қыркүйек

Санат жоқ 24.09.2014

«Ақ жол» депутаттары Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын жекешелендіруді мақсатқа сай қайта қарап шығуды ұсынады

2014 жылдың 24 қыркүйегі, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Бүгінгі Мәжілістің пленарлық отырысында А.Тұртаев: «Ақ жол» депутаттары Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын жекешелендіруді мақсатқа сай қайта қарап шығуды ұсынады» деп депутаттық сауал жолдады.
«Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты болып табылады. Тек қана бірінші кезеңнің жүзеге асырылуына мемлекеттік бюджеттен 19 млрд. астам теңге бөлінді – деп Премьер-Министр К.Мәсімовтың атына жолданған сауалда айтылған. – Аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында, жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік кәсіпорындар – Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын құрды. Енді жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, облыстық әкімшіліктер мен аудандарға бұл Орталықтар сатылымға қойылады».
А.Тұртаев атап өткендей, «берілген Орталықтар тек қана бюджет қаражатымен жұмыс істеп тұр және үлкен активтері жоқ. Мемлекеттік тілге қызығушылық артып отырса да, орталық жұмыстарынан азаматтарымыздың хабары жоқ, жұмыстары ашық емес, нәтижесі белгісіз. Бағдарламаны жүзеге асырудағы барлық жылдарда БАҚ-та оқыту үшін топтардың жиыны, қанша азамат және қандай деңгейде мемлекеттік тілді меңгергендігі, соның мақсатында миллиардтардың қайда жұмсалғандығы бақыланбаған.  Егер де мемлекет иелігіне алудың бірден-бір ұстанымы ақпараттың ашықтығы болса, онда мұндай жағдайда аталған Орталықтар қалайша сатылымға шығарылып отыр?».
Мәлім болғандай, нарықтың өтілімі кәсіпкердің басты  мәселесі болып табылатындықтан бәсекелестік ортада әрбір кәсіпкердің пайдасы айқындалады. Бұл көзқарас бойынша, Мемлекеттік тілді оқыту орталықтары бизнестің субъектісі бола алмайды, себебі мемлекеттік тапсырыссыз олар жай ғана банкроқа ұшырайды. Егер де мемлекеттік тапсырысты сақтап қаржыландырсақ, орталықтар бұрынғыдай жауапкершіліксіз жұмысын жалғастыратын болса, онда олар жұмыс істеу тетіктерінен айырылып, бәсекелестігі жоқ ортады жекелеген адамдардың табыс көзіне айналады және сыбайлас жемқорлыққа, құқық бұзушылығына жол ашады, сондай-ақ меншік иесінде масылдық көңіл-күйді тудырады» - деп атап өтіледі сауалда.
Сонымен бірге мемлекеттік кәсіпорынның жаңа меншік иесі кім болатыны белгісіз, ол мемлекеттік тілдің дамуына шынымен де жаны ашитын адам ба немесе бюджеттен жеке бас пайдасын ғана ойлайтын адамдар ма?
Ақ жол: «Мемлекеттік тілді дамытуға табыс көзі деп емес, әлеуметтік және мемлекеттік маңызды жоба деп қарауымыз керек, - деп санайды.– Сонымен қатар, өз-өзімен аталған Орталықтарды жекешелендіру мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ете алмайды».
Жоғарыда аталғандарға байланысты, «Ақ жол» ҚДП фракциясы аталған шешімді қайта қарауыңызды сұрайды.
 
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы партияның сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру бойынша жұмысын жалғастыады.