22
Қантар

Санат жоқ 22.01.2015

«Ақ жол»: Қоғамдық ғимараттарды автотұрақтармен қамтамасыз ету нормаларын қабылдау қажет

2015 жылдың 22 қаңтары,  «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі
Қоғамдық ғимараттарды автотұрақтармен қамтамасыз ету нормаларын қабылдау қажет - бұл туралы кеше Мәжілістің пленарлық отырысы барысында «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттық сауалын Талғат Ерғалиев жариялады. Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың атына жолданған сауалдың толық мәтіні төменде келтіріледі.
 
Ұлттық экономика министрі
Е.А.Досаевқа
 
Депутаттық сауал!
Құрметті Ерболат Асқарбекұлы!
 
Ашық тұрақтардың жеткілікті санының болмауы – Қазақстанда көптен шешілмей келе жатқан проблема.
Күрделі жағдай, әсіресе Астана және  Алматы қалаларында байқалады.
Қазақстан Республикасын  Ішкі істер министрлігінің мәліметтері бойынша, соңғы 11 жыл ішінде Республика аумағында тіркелген автокөліктер саны 3 еседен астам көбейген, ал Астана бойынша – 5 есеге жуық.
Қазақстандағы қалалардың көбі Кеңес Одағы кезінде салынған, онда кеңестік қала құрылысы нормативтері әртүрлі өңірлердегі автопарктің болашақтағы қомақты өсу қарқынын есептей алмаған, және де, қоғамның жаппай автомобилдендірілетінін болжай алмаған.
Бүгінгі таңда ашық тұрақ орындардың тапшылығы Астана,  Алматы және басқа қалаларда әкімшіліктік, іскерлік және сауда орталықтарында, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің, мектептердің, бала бақшалардың, ұлттық компания кеңселерінің жанында ең өткір байқалады.
 
Мысалы: Достық көшесінде орналасқан «Москва» БО ғимаратының 44500 шаршы метр пайдалы алаңына, 295 тұрақтық орны, яғни 1 орынға 150 шаршы метрден  астам сауда алаңы келеді.
 
Сондай-ақ ашық тұрақтық орындар тапшылығы проблемасы астананың сауда ойын-сауық кешендерінде, «Көрме»  көрмелік орталығында көрме күндерінде анық байқалады.
Алматы қаласының мемлекеттік мекемелерінде, мәдени-сауық, сауда орталықтарында орташа алғанда 1(бір) тұрақ орнына 80-нен 100 ш.м дейін ғимарат алаңы келеді.
 
Сауда базарларындағы ашық тұрақтар тапшылығы проблемасы одан да өткір тұр.
Жалпы 70000 ш.м алаңы бар «Артем» жабық базары аумағында 200 машинаға ашық тұрақ орналасқан, яғни 1 тұрақ орнына базар алаңының 350 ш.м келеді.
 
Мәселе мынада, бүгінгі күнде Қазақстанда қоғамдық ғимараттардың жанында ашық тұрақтардың санын  алаңының көлеміне немесе оларға келіп-кетушілерді есепке ала отырып  анықтау бойынша нормалар жоқ.
Мысалға, АҚШ пен Канадада, тұрақтық  индексінің көрсеткіші қолданылады, онымен әрбір 1000футқа (93ш.м) жіберілетін тұрақ орындарының саны  анықталады.
Тиісінше, бұл көрсеткішке сәйкес: әкімшілік, сауда, мәдени –сауықтық, іскерлік орталықтарда және мемлекеттік мекемелерде норма бойынша 1(бір) тұрақ орнына 15 тен 25  ш.м дейін жалпы ғимарат алаңы келеді.
Егер де шетелдік нормаларды біздің әкімшілік, сауда, ойын-сауық кешендеріне, іскерлік және бизнес орталықтарына қолдансақ, онда:
сол  «Керуеннің» өзіне қазіргісінен гөрі 3 есе үлкен ашық тұрақ орны;
ал «Артем» базарына бүгінгісінен 10 есе үлкен орын керек.
Сонда, автокөліктік ашық тұрақ алаңы, шамамен ғимарат алаңының өзіне тең болуы тиіс болып шығады.
 
Енді, мұндай  үйлесім бізде әрдайым сақтала бере ме? Жоғарыда айтылғандардан, анығы,  жоқ.
 
Осыған байланысты біз: Қоғамдық ғимараттарды автомобилдік ашық тұрақтармен олардың алаңына немесе келушілерінің санына байланысты қамтамасыз ету нормаларын жасауды және қабылдауды ұсынамыз.
 
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары