18
Ақпан

Санат жоқ 18.02.2015

Азат Перуашев - Миллиондаған адамдардың Назарбаевты және оның саясатын сүйеніш көруі мейлінше шынайы және саналы тілек

 
2015 жылдың 17 ақпаны, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі 
Миллиондаған адамдардың Назарбаевты және оның саясатын сүйеніш көруі мейлінше шынайы және саналы тілек – бұл туралы бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында мерзімінен бұрын президенттік сайлау мәселесі жөнінде сөйлеген сөзінде Азат Перуашев мәлімдеді.
 
 
 
                                       А.Перуашевтің
мерзімінен бұрын президенттік сайлау мәселесі бойынша сөйлеген сөзі. 
 
                   Мәжілістің пленарлық отырысы, 2015 жылдың 18 ақпаны
 
Құрметті әріптестер! Былтырғы жылдың аяғынан бастап қазақстандық экономиканың сыртқы қысымға ұшырап отырғаны барлығыңызға жақсы белгілі.  Бұл қысым біздің бизнесіміз үшін нағыз сынақ болып отыр, оның салдары кәсіпкерлердің ашықтан-ашық абыржуына, нарықтарды жоғалтуға және девальвацияны күтудің өсуіне әкелді.
Мысал үшін «Ақ жол» фракциясының жуырдағы несиелерді банктердің теңгемен беруді тоқтатуы туралы сауалын еске саламын. Бұл сауалға Ұлттық банк «жым-жырттықты ұстау» деп аталатын әдіске салса, ал кейбір банктер теңгелік несиелер бар деп түсіндірмекші болды.  Бірақ кәсіпкерлер бұл несиелерді неге екені белгісіз көре алмады.
Тек Мемлекет басшысының бір мәртелік девальвация болмайды деген берік мәлімдемесінен кейін ғана – девальвациялық күту тоқталды.
Тек оның Ұлттық банкке теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасынан кейін ғана – теңгемен несие беру бойынша қозғалыс басталды.
Біздің Президент – бір ғана сөзбен нарықтарды тұрақтандыратын, байбалам көңіл-күйді тоқтататын, қаржылық ағымдарды қайтадан жібере алатын, экономика мен қоғамды жұмылдыра алатын адам.
Дегенмен, экономикаға жағымсыз сыртқы қысым жүйелік сипатқа ие болып отыр. «Нұрлы жол» бағдарламасы оның ұзақмерзімге әсерін азайтуы тиіс, ол биылғы жылдан басталып кетті.
Былтырғы жылдың орта кезінен басталған барлық ахуал көрсетіп отырғандай, экономикаға тұрақтылық, басқарылатындық және болжамдылық керек. Бағыттан адасудың және жаңа күйзелістерді күтудің орнына бізге мықты негіз керек. Бұл жағынан алғанда, сайлаумен кешігу экономикалық тәуекелділіктерге саяси дүдәмалдықты қосады. Ал бұл – кез келген мемлекет үшін жол беруге болмайтын жәйт.
«Саяси дүдәмалдыққа» мен президенттік және парламенттік сайлаулардың бірдей келуінен тыс сондай-ақ сыртқы факторларды жатқызамын.
Ең алдымен, бұл сыртқы тұрақсыздықтың кеңейе түсуі: Таяу Шығыс, Еуропа, Украина.
Қазақстан үшін өткен жылдың шымылдығы түрілер тұста Ауғанстаннан халықаралық коалиция әскерінің шығарылуы ерекше тәуекелділіктер тудырады. Бұл аймақта, оның үстіне тура біздің шекарамызда, бейбітшілік және тыныштыққа төнген әлі бағаланбай жатқан қауіп-қатер.
Осыдан небәрі бір-екі жыл бұрын терроризм, жекелеген оқиғалар болмаса, төтеншелік сипатта болған. Бірақ Сириядағы, Ливиядағы, Ирактағы азаматтық соғыстардың өршуіне, және ИГИЛ (ИЛИМ) сияқты құбылыстың пайда болуына байланысты терроризм экстремистік квази-мемлекетік құрылымдардың мемлекеттік саясаты сипатына үміттенетін мақсатты саясатқа айналуда.
Еуропадағы жуырдағы сериялы терактылар; барлық әлемдік державалардың көшбасшыларының, қазақстандық Президентті қоса алғанда, күш-жігер жұмсауына қарамастан, жалғасып жатқан Украинадағы туыстарын өлтіріп жатқан соғыс – мұның бәрі миллиондаған адамдарды өзінің болашағы және өздерінің балаларының болашағына күмәндануға, біз өмір сүріп жатқан әлемнің орнықсыздығын және осалдығын сезіндіруге мәжбүрлейді. 
Бұл жағдайларда осындай күмәндарды жоюдың жалғыз дұрыс пайымы мемлекеттік саясатқа болжамдылық және біздің азаматтарға мемлекеттің елде бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз етуге қабілеттілігіне сенімділік беру бола алады.
 «Ақ жол» партиясы  мерзімінен бұрын президенттік сайлауды Қазақ хандығының 550 жылдығының тұсында өткізуді ұсыну өте маңызды символикалық факт екенін айрықша атап өтуді қажет деп санайды. Бұл жай ғана дәл келу емес, Қазақстан Республикасының және даңқты бабаларымыздың мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығының айқын және кесімді тұлғалануының белгісі.
Сонымен қатар осыдан бес жыл бұрынғы мысалға сілтеме жасауды қажет деп  санаймын. 2010 жылғы желтоқсанда Президент Назарбаевтың өкілеттілігін ұзарту туралы референдумды қолдауға біздің бірнеше миллиондаған азаматтарымыздың қолдары жиналды.
Біз бұлайша қолдаудың себебін түсінеміз, өйткені   Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің баяғыдан-ақ ірге тасын қалаушы және ұйымдастырушы факторына айналған.   Көптеген адамдардың Назарбаевты және оның саясатын сүйеніш көруі мейлінше шынайы және саналы тілектен туындап отыр.      
Алайда, сол кезде Мемлекет басшысы референдум туралы ұсынысты қабылдамаған (көпшілік мұны  шешімін тапқан мәселе деп санаған) және демократиялық тәртіптерді жақтап, ашық сайлауға шықты
Бәлкім, мерзімінен бұрын сайлау өткізуді ұсынған Ассамблея осы тәжірибеге сүйенген  сияқты. Бізге мәлім болғандай, бұл жолы да референдум туралы ұсыныстар болған.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Мәжіліс депутаттарына Қазақстан халықтары Ассамблеясының бастамасын жай ғана мақұлдап қоймай, сонымен қатар оны қолдауды және мерзімінен бұрын президенттік сайлауды биыл өткізуді белгілеуді сұрап, Мемлекет басшысына жүгінуді ұсыну қажет деп санаймын. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.