26 ақпан 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметтерін «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының нормаларын қолданудан шығару тәжірибесін тоқтату қажет – бұл туралы бүгін Меруерт Қазбекова Мәжілістің пленарлық отырысында Премьер-министр С.Ахметовтың атына жазылған фракцияның депутаттық сауалын жариялау кезінде мәлімдеді. Депутаттар үкімет басшысынан үкіметтің мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері, сондай-ақ тексерулерді оңтайландыру жөніндегі шаралары туралы ақпарат беруді сұрайды.
2011 жылдың 6 қаңтарында бақылау және қадағалау қызметін реттеу және тексерулерді оңтайландыру мақсатында «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заң қабылданғанын естеріңізге саламыз.
Мемлекет басшысымен мемлекеттік бақылау және қадағалау саласын оңтайландыру жөнінде қосымша шаралар қабылдау қажеттілігі туралы үнемі атап өтілетіне қарамастан, соңғы кездері кейбір мемлекеттік органдар өздерінің қызметтерінің бір бөлігін қолданыстағы Заңды қолданудан шығаруға талпыныстары байқалады. 2012 жылы өнеркәсіп қауіпсіздігі, мұнай-газ өнеркәсібі инфрақұрылымы, төлем жүйесінің қызмет ету саласын бақылау заңды қолдану шеңберінен шығарылған болатын. Мәжіліске келіп түскен электр энергетикасының объектілерінің жұмысын бақылау және қадағалауды ұйымдастыру мәселелері жөніндегі заң жобасында да осындай беталыс байқалады.
Оның үстіне, санитарлық-карантиндік, ветеринарлық бақылау; акцизделетін тауарлардың жеке түрлерін өндіруді іске асыратын субъектілердің аумағын бақылау; этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндiрудi жүзеге асырушы ұйымдарда оларды есепке алуды бақылау; ҚР қаржылық заңнамаларының талаптарын сақтау бойынша бақылау, және көптеген басқалары да Заң нормаларымен қамтылмаған.
Прокуратурамен арыздарды электронды түрде қабылдау енгізілгеннен бастап 22 мыңнан астам кәсіпкер хабарласқан, бұзушылық деректердің 75 %-ы расталып отыр. Тексеруді тағайындау туралы 1890 акті негізсіздігіне байланысты оларды тіркеуден бас тартылған. 2013 жылы прокуратура органдарымен барлығы 961 заңсыз тексерулер анықталған болатын, тексеруді тағайындау туралы 2738 акті тіркеуден бас тартылған. 2013 жылы Алматы қаласының прокуратурасымен жүргізілген тек 28 тексерудің нәтижесі бойынша 1300-ден астам заң бұзушылықтар анықталған.
«Бүгінгі таңда кәсіпкерлерді қорғау саласындағы қалыптасқан заңдылық жағдайын назарға ала отырып, қандай салаға қатысты болмасын бейінді заң қолданысынан бақылауды шығару тәжірибесін қысқарту қажет деп есептейміз», - деп айтылады сауалда.
«Ақжолдықтар» казіргі кезеңде мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін оңтайландыру жөніндегі келешектегі шаралардың бірі, жыл сайын осы саладағы заңдылық ахуал туралы баяндамалар жасауды дағдыға енгізу деп есептейді. Мысал ретінде, мемлекеттік бақылау және қадағалау жағдайы туралы ұлттық баяндамалар жасау іс жүзінде енгізілген Ресейдің және бірқатар Еуроодақ елдерінің тәжірибесі келтіріледі.
Сонымен бірге, «Ақ жол» партиясының депутаттары казіргі кезеңде мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін жетілдірудегі ең тиімді шара, болатын тексерулердің барлық түрлерін бірыңғай - «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» заңымен қамту тәжірибесі болып табылатынына сенімді.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және қазақстандық бизнестің мүдделерін қорғау бойынша жұмыстарын жалғастыра береді.