'Ақ жол' ҚДП-ның қалалық филиалында Алматының бірқатар жоғары оқу орындарында білім алып жатқан партияның Жастар қанатының белсенді жастары партия қатарына қабылданды.
Жиынды партияның Орталық Кеңесінің мүшесі Болат Өтепбаев ашып, жастарға партияның алда тұрған мақсаты мен міндеті, бағыт-бағдары, мүшелерінің жауапкершілігі жайында айтып өтті. Сонымен қатар, шарада сөз алған партия ардагерлері жастарға ізгі ниеттерін білідіріп, сәттілік тіледі. Жастарға мүшелік куәліктерін филиал төрағасы Дмитрий Васильев табыс етті.
Партия қатарына қосылған жастар, өз кезегінде партия атына кір келтірмей, абыроймен алып жүретіндіктерін жеткізді.
«Мен партия қатарына қабылданып, партиялық құжатымды алғанымды мақтан тұтамын, себебі, партияның жастарға деген қамқорлығын әрдайым сезініп жүрдім, енді міне белсенді мүшесі ретінде өз үлесімді қоспақпын. «Ақ жол» партиясының бағдарламалық құжаттары мен партиялық жобаларын жүзеге асыруда ат салысамын және де өз замандастарымды да партия мүшесі болуға шақырамын», - дейді партия қатарына қабылданған жастар атынан Назерке Шарападдин.