2015 ж. 9 желтоқсанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының құрылғанына 70 жыл толуына орай Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Қазақстан республикасы Президенті мұрағаты бірлескен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Аталмыш шараға еліміздің тарих саласында еңбек етіп жүрген бір топ ғалымдар қатысты. Жиын барысында алғашқы сөзді «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ерлан Ақжолұлы алып, жиналған көпшілікке «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевтің Астана қаласынан жіберген арнайы құттықтау сөзін жеткізді.