19
Желтоқсан

АЛМАТЫДА «АҚ ЖОЛ» ҚДП АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ БІР ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ.

Өткен аптада «Ақ жол» Демократиялық партиясының Алматы қалалық  филиалы кеңесінің отырысы өтті. Аталмыш жиынға Парламент Мәжілісінің депутаты Н.Жазылбеков, Алматы қалалық филиалының Кеңес мүшелері, партияның Орталық кеңесі, солардың ішінде -қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары, ғылым саласындағы  өкілдері мен шақырылған қонақтар қатысты.

Алматы қалалық филиалының төрағасы  Дмитрий Васильев алғы сөз алып, партия ұйымының негізгі қорытындылары туралы әңгімеледі.   Есепті кезеңде, бөлiмшенiң ұйымдастырушылық және саяси жұмыс белсенділігі және жұмылдыру мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған, партиялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ көкейтесті мәселерді  шешуге қатысу.

Жиынға қатысушылар филиал Төрағасының баяндамасын бірауыздан бекітіп,  Кеңес құрамына жаңа мүшелерді қабылдады. «Исткомтранс» ЖШС заң департаментінің директоры  Когутюк Таисия Александровна, «Евроград Электролюкс» ЖШС атқарушы директоры - Қонырбаева Айгүл Уәлиханқызы және  , Қазақстандағы құрылыс материалдар өнеркәсібі қауымдастығының президенті – Томпиев Марал Қазкенұлы филиалдың жаңа мүшелері болып сайланды. 

Келелі жиынның соңында Партия жұмысын жандандыруға үлкен үлес қосып, партия ісіне белсене қатысқан бірқатар партия мүшелеріне  'Қазақ xандығының 550 жылдығына' арналған тариxшылар қауымдастығының төс белгісі тағылып, жаңа қабылданған мүшелерге  партия билеттері табысталды.