Жеке автокөліктердің техникалық байқауын алып тастау туралы «Ақ жол» депутаттарының ұсыныстары Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің басшылығының қатысуымен фракцияның кеңейтілген отырысында талқыланды
9 қаңтар 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Көлік мәселелері жөніндегі заң жобасына «Ақ жол» депутаттарының ұсыныстары Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің вице министрі К.Әбсаттаровтың және министрліктің басқа да өкілдерінің қатысуымен фракцияның кеңейтілген отырысында талқыланды. Мәселен, автокөлік қызметтерінің мүгедектер үшін қолжетімділігі; ауданаралық автобустарды тахографтармен міндетті түрде жарақтандыру бойынша талаптарды енгізудің орындылығы туралы және т.б. сөз болды.
«Ақ жол» депутаттары осы заңнама шеңберінде жеке пайдаланудағы жеңiл автокөлiктер үшiн техникалық байқаудан өтуді алып тастау туралы мәселенi қарауды табанды түрде тағы да ұсынады. Осы мәселенi алдыңғы қарағанда Көлік және коммуникация министрлігі рұқсат беретiн жүйенiң жетiлдiрулерi шеңберінде техникалық байқауды сақтаудың қандай да болмасын салмақты дәлелдерiн ұсынбады. Сонымен бірге, «Ақ жол» партиясына келіп түсіп жатқан мәліметтерге сәйкес осы салада сыбайлас жемқорлық көріністер өршіп бара жатыр.
«Техникалық байқауды жекеменшікке беру, бұл рәсімнің тек күрт қымбаттауына алып келді, ал техникалық жаңалықтардан тек суретке түсіру ғана пайда болды» - деп атап өтті бұған байланысты Азат Перуашев.
Өткізілетін техникалық байқау көлік құралдарының жарамды екендігіне кепілдік бермейді деп санайды «Ақ жолдықтар». «Техникалық байқау орталығы қақпасынан шығып шұқырға түсіп кетудің өзі-ақ жеткілікті, басқару тұтқасы үзіледі немесе бұру шамы сынады - міне автокөлік пайдалануға жарамсыз, бірақ сіздердің құжаттарыңыз бойынша ол әлі бір жылға жарамды болып есептеледі» - деп мысал келтірді ҚДП төрағасы.
Көлік және коммуникациялар министрлігінің өкілдері өз кезегінде, депутаттарға техбайқаудан өтудің рәсімдерін жеңілдетуге және сыбайлас жемқорлықтың тізбегін жоюға себепші болатын барлық жаңа енгізулерді есепке ала отырып техникалық байқаудан өтудің рәсімінің тұсаукесерін өткізді. Олардың ойынша, қазіргі уақытта жеңіл автокөліктерді міндетті техникалық байқаудан өтуді алып тастауға болмайды.
Алайда, «Ақ жол» депутаттары, жол көлік оқиғаларының себептері адам факторы, ауа райы жағдайы және жол сапасы болып табылатынын көрсеткен ІІМ-нің мәліметтерін келтірді. Техникалық жарамсыздық жол көлік оқиғаларының 0,6 % жағдайларында ғана себеп ретiнде көрсетiледi.
Сондай-ақ «Ақ жол» қаралатын заң жобасы шеңберiнде автокөлiктi басқаруға сенiмхаттарының міндетті түрде нотариус арқылы куәләндiруiн алып тастауды ұсынады. Ұсынылатын нормаларға сәйкес, иесiнің автокөлiктi басқа тұлғаға басқаруға бергені туралы жол полициясының органдарына ескертуі жеткiлiктi болып табылады. Сонымен бірге, қалағандар үшін мұндай сенімхатты нотариалдық куәләндыру құқығы сақталынады.
Басқа ұсынылатын жаңа енгізулердің арасында - автокөлікті сатып алу-сату шарттарын нотариус арқылы міндетті куәләндiруiн алып тастау. Қазіргі кезде мұндай рәсімдерді жол полициясы органдары іске асыруда. Осы жағдайда осы мәселені заңнамалық деңгейде реттеу ұсынылады. Шартты нотариус арқылы куәләндiрудi қаламаған азаматтар, тікелей жол полициясы органдарына баруға және үлгілік шарттық тармақтарын толтырып автокөлікке өзінің құқығын тіркетуіне болады. Бұл рәсімді ақысыз негізде жүзеге асыру ұсынылады.
Осылайша, «Ақ жолдықтармен» ұсынылатын түзетулер қазіргі әкімшілік кедергілерді жояды, сондай-ақ азаматтарға ең төменгі шығындармен және жеңілдетілген тәртіппен өздерінің мүліктеріне толықтай билік етуіне мүмкіндік береді. Соңғы нормаларды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қолдады.
Сонымен қатар, көлік саласындағы әкімшілік кедергілерді жоятын басқа түзетулер, оның ішінде – техникалық байқау үшін құжаттар тізбесінен көлік құралдарына салынатын салықты төлеуді растауды алып тастау ұсынылады. Бұл төлемдердің толық төленуі және уақытылы аударылуын бақылау заңнамаға сәйкес тек қана салық қызметі органдарына жүктелгеніне байланысты болып отыр.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы өзінің сайлауалды тұғырнамасын және сайлаушылардың мүддесіне заңнамаларды жетілдіруді іске асыру бойынша жұмыстарын жалғастыра береді.