06
Ақпан

Азат Перуашев: «Ақ жол» партиясы азаматтардың құқықтарын және олардың меншіктерін қорғау мақсатында Қылмыстық кодекстің жобасын екінші оқылым барысында пысықтауды талап етеді

6 ақпан  2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

            «Ақ жол» партиясы азаматтардың құқықтарын және олардың меншіктерін қорғау мақсатында Қылмыстық кодекстің жобасын екінші оқылым барысында пысықтауды талап етеді – бұл туралы Азат Перуашев Мәжілістің пленарлық отырысында заң жобасын талқылау барысында мәлімдеді және әріптестерін екінші оқылымда оны тиянақты пысықтауға шақырды.

            «Заң әзірлеушілердің қылмыстық заңнаманы жетілдіруге, халықаралық тәжірибеден нормаларды енгізуге, осы сала бойынша Қазақстан бірқатар халықаралық құжаттарға қосылғаннан кейінгі  міндеттемелерінен туындайтын міндеттемелерді орындауға талпыныстарын құптауға болады, - деп атап өтті қазақстандық демократтардың көшбасшысы. - Бірақ, мен әріптестерімнің және заң әзірлеушілердің айрықша көңіл бөлуді талап ететін және кейбір күмәндарды туындататын бірқатар қосымшаларға назарын аударғым келеді».

Депутат осындай нормалардың бірі ретінде тергеу сотының ұстанымын енгізуді атады. Оның пікірінше, сонысымен сот көрінеу айыптау жағына тартылады: «Егер сот айыптауды әзірлеуге тікелей қатысатын болса, онда соттың шешімі қаншалықты тәуелсіз және күн ілгері кесіп-пішілмеген болады? Істі қарау кезінде дауларда сот билігі мүдделі болмауы тиіс қой».

А.Перуашев заң әзірлеушілердің сот үкімін шығарғанға дейін мүлікті тәркілеуді енгізу туралы ұсыныстарына да назар аударды. «Мұнда қарама-қайшылық бар, себебі мүлкін тәркілей отырып, біз күдіктіні оны кінәлі деп тапқанға дейін-ақ жазалаймыз. Егер, ол әлі кінәлі болып табылмаса, қалайша адамды жазалауға, оны мүлкінен айыруға болады?»

Сондай-ақ, бұл Мемлекет басшысының тапсырмаларына, оның ішінде меншік құқығын қорғауды нығайтуға қатысты – қазіргі Жолдауымен қаншалықты сәйкес келеді? – деп сұрайды «Ақ жол» партиясының жетекшісі, - одан да, сот ақырғы және заңды күшіне енген шешімін шығарғанға дейін мүлікке ауыртпалықтар салу туралы қолданыстағы  нормаларды жетілдірсек болмай ма?».

А.Перуашев тоқтаған тағы бір жағдай – бұл заң жобасында нақты тергеу мерзімдерін «орынды мерзім» деп аталатын, іс жүзінде қылмыстық қудалаудың ескіру мерзімдерімен бірдей мерзіммен ауыстыру ұсынылған.

«Ақжолдықтар» мұндай жаңалық азаматтарға заңсыз ықпал жасау үшін еркіндік береді, кейбір айла-шарғылар үшін алғышарттар жасайды деп есептейді. «Бұл екі-үш айда істі қараудың орнына, біздің азаматтарымызды олардың жеке жоспарларын және жұмыс тәртібін, отбасылық іс шараларын және т.б. болдырмай, екі-үш не одан көп  жылдар тергеуге сүйрейтіндіктерін білдіретін болады. Бұл негізділігі және қажеттілігі жағынан күмән тудыратын, адамдарға моральдық қысым жасаудың қосымша түрі екені белгілі», - деп атап көрсетті фракция төрағасы.

Ақырында, «Ақ жол» фракциясы назар аударуды сұрап отырған тағы бір тақырып – бұл бірқатар баптар бойынша күдіктіге тұтқынға алу түріндегі жолын кесу шараларын қолдануды жеңілдету. Оны тек қылмыстардың ауырлығына аудару ұсынылады. Сонымен қатар, бұрын қолданылып келген мынадай факторлар жиынтығы - күдіктінің осы қылмысқа қатынасының анық айғақтарының бар болуы, сондай-ақ күдіктінің соттан бой тасалау, әділ тергеу жүргізуге кедергі болу, не қылмыстық істерімен айналысуын жалғастыру сияқты бірқатар негіздері – міндетті болмай қалып отыр.

«Нақты осы адам қылмысты жасағаны туралы жеткілікті дәлелдер, немесе өзге негіздер жоқ болғанда, біз бұл шарамен күдіктіге ықпал жасау мүмкіндіктерін күшейтеміз, оны бостандықта жүріп өзінің құқығын толық қорғауды қамтамасыз ету  мүмкіндіктерінен айырамыз», - деп есептейді «Ақ жолда».

«Ақ жол» фракциясының депутаттары заң әзірлеушілерге және Жұмыс тобына екінші оқылым барысында заң жобасындағы көрсетілген қарама-қайшылықтарды және күмәндерді жою талабымен шықты.